Болашаққа бағдар беретін білім – табыс кілті

Бүгінгі студент – ертеңгі жас маман… және де, әрине, оған негізігі кәсіби дағдыларынан басқа, еңбек қатынастары мәселелері жағынан да нақты бағдарлау қажет.

Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының заң клиникасының басшысы Нина Владимировна Суворова бүгін Қостанай педагогикалық колледжінің түлектері үшін  осы бағытта вебинар өткізді.

Вебинарды өткізу барысында студенттерге жұмысқа орналасу кезінде іс-әрекеттердің қадамдық алгоритмі түсіндірілді, жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің негізгі сәттері  көрсетілді, білім беру жүйесіндегі жалақы моделі таныстырылды, өңірлік келісімнің негізгі нормалары және т.б. бойынша түсініктеме берілді.

Демекші, бұл педагогикалық колледж студенттерімен осындай онлайн кездесулерді ұйымдастырудың бірінші тәжірибесі емес.

Және де, Қостанай педагогикалық колледжінің әкімшілігі барлық жағынан да сауатты, сенімді, зерделі мамандарды дайындау үшін қолда бар мүмкіндіктерді пайдалануы өте маңызды.