Бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша семинар

Кәсіподақ қаржылық саясатын іске асыру принциптері қандай? Кәсіподақ ұйымдарында бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті құруды қалай ұйымдастыру қажет?

Осы және басқа да мәселелер Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы аппаратымен ұйымдастырылған біздің кәсіподақ бірлестігі филиалдарының төрағалары мен бухгалтерлеріне арналған семинар аясында талқыланатын тақырыпқа айналды.

Айта кетететін жайт, Жергілікті кәсіподақ ҚР Кәсіподақтар федерациясының бірыңғай қаржылық саясаты туралы Ережені орындауға қабылдады, қаржылық құжаттаманы жоспарлау және есеп беру нысандары бекітілді.

Сонымен қатар, семинар барысында жергілікті кәсіподақ төрағасы Василий Цымбалюк бірлестіктіктің одан әрі дамуының стратегиялық басымдықтарын атап өтті және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қаржыландыру жүйесін қолма-қол ақшасыз төлем жүйесіне кезең-кезеңмен көшіру қажеттігіне назар аударды, бұл оның ашықтығын қамтамасыз ету жолындағы тағы бір қадам болмақ.

Бүгінгі таңда облыстық білім беру ұйымдарында корпоративтік карталар енгізілді, Қостанай қаласының білім беру ұйымдарында корпоративтік картаға көшу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.