Еңбек даулары: Қызметкерлерге кепілдіктер мен өтемақы төлемдері

 

Келісу комиссиясы. Еңбек заңнамасының негіздері.

(Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің ждергілікті кәсіпті одағы» ҚБ ҚБ қоғамдық қабылдау басшысы Нина Владимировна Суворова; байланыс телефоны: 54-10-44, 87051710177)   

11 тақырып. Еңбек даулары: Қызметкерлерге кепілдіктер мен өтемақы төлемдері 

Медициналық қарап-тексеруге жіберілетін жұмыскерлер үшін кепілдіктер (ҚР ЕК 125 б.)

Осы Кодекске не ұжымдық шартқа сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен мерзімдік медициналық қарап-тексеруден өтуге міндетті жұмыскерлердің олардан өткен уақытта жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.

 

Донор болып табылатын жұмыскерлер үшін кепілдіктер (ҚР ЕК 126 б.)

Донор болып табылатын қызметкер үшін қан мен оның компоненттерін зерттеу және донорлыққа беру кезінде жұмыс орны (лауазымы) және орташа жалақы сақталады.

 

Іссапарларға жіберілетін жұмыскерлер үшін кепілдіктер мен өтемақы төлемдері (ҚР ЕК 127б.)

  1. Іссапар уақытында жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) мен іссапар күндеріне келетін жұмыс күндері үшін жалақысы сақталады.
  2. Іссапарларға жіберілетін жұмыскерлерге:

1) іссапарда болған күнтізбелік күндері үшін, оның ішінде жолдағы уақыты үшін тәуліктік төлемдер;

2) баратын жеріне дейінгі және кері қайтқандағы жол жүру шығыстары;

3) тұрғын үй-жайды жалға алу шығыстары төленеді.

  1. Жұмыскерлерді іссапарларға жіберудің шарттары мен мерзімдері еңбек, ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады.

Еңбек дауы туындауы мүмкін жағдайға мысал: Жұмыс беруші тәуліктік төлемлем мен тұрғын үй-жайды жалға алу шығыстарын төлемей, тек жол жүру шығыстарын төлейді.  

  1. Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер, жүкті әйелдер, сондай-ақ мүгедек жұмыскерлер үшін мұндай жұмысқа медициналық көрсетілімдер бойынша тыйым салынбаған болса, оларды іссапарға жіберуге жол беріледі. Бұл ретте, аталған жұмыскерлер іссапарға барудан бас тартуға құқылы.
  2. Үш жасқа дейінгі балалары бар жұмыскерлер, егер медициналық қорытынды негізінде мүгедек балалар не отбасының науқас мүшелері тұрақты күтімді жүзеге асыруға мұқтаж болса, отбасының науқас мүшелерін күтуді жүзеге асыратын не мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған жұмыскерлер іссапарға барудан бас тартуға құқылы.

 

Еңбек дауы туындауы мүмкін жағдайға мысал:   Жұмыс беруші іссапар туралы бұйрық шығарады, қызметкер екі жастағы баласының болуына байланысты іссапардан бас тартады.

 

Жұмысынан айырылуына байланысты берілетін өтемақы төлемдері (ҚР ЕК 131 б.)

  1. Жұмыс беруші мынадай жағдайларда бір айдағы орташа жалақы мөлшерінде жұмысынан айырылуына байланысты өтемақы төлемдерін жүргізеді.:

1) жұмыс беруші таратылған жағдайда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде;

2) жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде;

3) жұмыс беруші еңбек шартының талаптарын орындамаған жағдайда жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде.

 

Еңбек дауы туындауы мүмкін жағдайға мысал:  Колледжде орта кәсiптiк бiлiмi бар мамандарды даярлау жөнiнде көрсетілетін қызметтердiң көлемi қысқартылды (1 қыркүйекте мемлекеттiк тапсырыс жоқ), жұмыс берушi орташа жалақы мөлшерiнде бiр рет қана өтемақы төледi. Қызметкер төлем екі айға болуы тиіс деп санайды.