Құрметті Қостанай облысы білім беру саласының қызметкерлері!
Күздің маңызды мерекелерінің бірқатарын Еңбек күні ашады, ол алтын қолдар мен еңбек адамының кәсібилігін дәріптейді, соның арқасында жер бетінде барлық құндылықтар жасалады, адамдарға қажетті тауарлар мен қызметтер шығарылады.
Білім беру жүйесінің шешуші тұлғасы – білім беру үдерісінің сапасы үшін негізгі жүктеме мен жауапкершілікті өз мойнына алатын мұғалім екені сөзсіз. Ал мұғалімдер күнінде біздің өңірдегі әр педагогке алғыс сөздер айтылады.
Бірақ бүгінгі таңда мен білім беру саласында тынымсыз, күнделікті қажырлы еңбегінің арқасында бүкіл жүйе қалыпты жұмыс істейтін, біздің білім беру ұйымдарында таза, жайлы, дәмді және пайдалы тамақпен, дені сау және қауіпсіз жағдайлармен қамтамасыз ететін қызметкерлерге ризашылығымды білдіргім келеді.
Олар аспазшы мен медицина қызметкерлері, бухгалтер мен кітапханашылар, хатшылар мен зертханашылар, шаруашылық бөлімінің меңгерушілері мен жүргізушілер, вахтерлер мен қоймашылар, кір жуғыш машиналардың жұмысшылары мен операторлары, қызметтік үй–жайларды жинаушылар мен аула сыпырушылар және басқа да қызметкерлер.
Сіздерге адал еңбектеріңіз, жоғары кәсіби шеберліктеріңіз үшін үлкен алғыс білдіремін. Біздің облысымыздың білім беру саласын дамытуға сіздердің әрқайсыларыңыздың қосқан үлестеріңіз айтарлықтай және өте маңызды.
Еңбек күні қарсаңында білім қызметкерлерінің Жергілікті кәсіподағы екінші жыл қатарынан «Еңбек адамы» акциясын өткізеуде, акция аясында көп жылдық адал еңбегі үшін біз техникалық және қызмет көрсетуші персонал қатарынан қызметкерлерді сыйлық ақы және сыйлықтармен марапаттаймыз. Жалпы облыс бойынша білім саласының 200 қызметкері аталып өтті!
Сіздерге мықты денсаулық, амандық және жаңа еңбек жетістіктерін, отбасыларыңызға бақыт пен жақсылық тілеймін!