Құрметті біздің оқырмандар!

Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы мен «Учительская плюс» газетінің редакциясы жаңа бірлескен жоба – «Еңбек жолы»  тұрақты айдарын іске қосатынын қуана хабарлаймыз.

Бұл жоба облысымыздың білім беру жүйесінің оң имиджі мен беделін қалыптастыратын өз кәсібінің нағыз патриоттары, жоғары санаттағы шеберлер туралы.

Бұл ретте, әңгіме тек мұғалімдер, педагогикалық еңбек ардагерлері туралы ғана емес, күнделікті тынымсыз еңбегімен қолайлы жағдай жасап, бүкіл жүйенің салауатты жұмыс істеуін қамтамасыз етіп отырған осы саланың басқа да қызметкерлері туралы болады.

Олардың адал еңбегін әріптестері шын жүректен бағалап, ата-аналар мен оқушылар ыстық ықыластарын білдіреде.

Олардың көпшілігі отбасының еңбек дәстүрлерін жалғастырып, жетілдіріп өздерінің бірегей кәсіби тәжірибесін өскелең ұрпаққа жеткізеді.

Сіздердің әрқайсыңыз, біздің құрметті оқырмандарымыз, «Еңбек жолы» жобасын жүзеге асыруға қатыса аласыздар.

«Учительская плюс» газетінің редакциясына немесе Instagram желісіндегі аккаунтымызға облысымыздағы білім қызметкерлерінің, әріптестеріңіздің, туыстарыңыздың,  таныстарыңыздың таңғажайып еңбек өмірбаяны туралы әңгімелер мен олардың еңбек жолын бейнелейтін фотосуреттерді жіберіңіздер.

Біз ең қызықты оқиғаларды міндетті түрде жариялайтын боламыз!

Еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыруға, еңбек дәстүрлерінің сақталуына және өсіп жетілуіне ықпал етіңіздер.