Көктемгі жаңарудың әдемі әрі сүйікті мерекесі Наурыз мейрамы біздің облыстағы білім беру ұйымдарының әрбір ұжымына келді.

Мерекелік әндер мен көңілді ұлттық ойындар, жоспарланбаған жарыстар мен жарқын театрландырылған қойылымдар ұжымдарға жақсы мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Мол дастархан дәстүрлі мерекелік тағамдармен безендірілді: наурыз-көже, бауырсақ, палау, шығыс тәттілері

Ал Қостанай жоғары политехникалық колледжінің кәсіподақ комитеті мереке қарсаңында кәсіподақ мүшелері арасында ұтыс лотереясын өткізді.

Айта кету керек, іс-шарадан кейін колледждің 3 қызметкері өтініш жазып, кәсіподаққа кірді!

Міне, осындай ынталандыру! Наурыз-ағайынды бауырмалдыққа, татулыққа шақыратын береке-бірліктің мерекесі, елді еңбекке жұмылдырып, ырысымызды молайтатын мейрам!