Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы

(Кәсіподақ мүшелері үшін буклет)

«Жұмыскер (хатшы) өзінің жалақысы туралы нені білу керек»

 

Жалақы Аудармашының жалақсы, оның құрамдас бөліктері неге байланысты Жалақыны есептеу. Қоса атқарылатын жұмыс бойынша

 

Жалақыны төлеу мерзімдері, жұмыскерге жалақының құрамдас бөліктері туралы хабарлау
1. Жалақы-бұл еңбек үшін төленетін сыйақы;

2. Жалақы нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.

 

 

1.  Хатшының жалақысы  тек еңбек өтіліне ғана байланысты, яғни ол білім деңгейіне байланысты  емес.

Хатшының жалақысы бірнеше бөліктен тұрады, атап айтқанда лауазымдық жалақыдан, сондай-ақ ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақыдан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

1.                  Хатшының бір айдағы жалақысы коэффицентті  базалық лауазымдық ақыға (БЛА=17697 теңге) көбейту және арттыру коэффицентіне  көбейту жолымен есептеледі, қосымша:

1) Ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы –лауазымдық ақыдан 10 %;

2) Хатшы сонымен қатар негізгі жұмыстан бос уақытында еңбек шартын жасасу арқылы қоса атқарылатын жұмыс істей алады

 

 

1. Жалақы келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді;

2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.

 

 

 

 

 

Жалақыдан ұстаулар Лауазымдарды қоса атқару Қызмет көрсету аймағын кеңейту Аудармашының жұмыс уақыты және демалыс күндерінің саны
1.  Жұмыскерлердің келісімінсіз – зейнетақы жарналары, МӘМС жарналары және табыс салығы ұсталады;

2. Кәсіподақ жарналары жұмыскерлердің өтініші бойынша ұсталады.

3. Шамадан тыс есептелген жалақы кезінде ұстап қалулар жұмыскердің келісімімен (өтініш бойынша) жүргізіледі;

4. Жұмыс берушінің актісі негізінде жұмыскерді хабардар ете отырып (яғни қызметкердің келісімінсіз) жұмыскердің жалақысынан ұстап қалуға болатын жағдай:

іссапарға байланысты, жұмсалмаған ақшалай сомасы;

5. Қалған жағдайларда (соның ішінде жұмыскер жалақысынан ұстап қалуларға қарсылық білдіргенде)- жалақыдан ұстап қалулар сот шешімі бойынша жүргізіледі.

 ҚР Еңбек кодексің 111 бабына сәйкес аудармашы қосымша төлем бойынша лауазымдарды қоса атқару жолымен қосымша жұмысты орындай алады.

Жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – лауазымдарды қоса атқару;

Қосымша жұмыс негізгі лауазым бойынша жұмыс уақыты ішінде орындалады.

Мысалы: негізгі жұмыс бойынша лауазымы–хатшы, қосымша (қоса атқарушы) лауазымы –аудармашы. Лауазымды қоса атқарғаны үшін лауазымдық ақыдан 50%-ға дейінгі мөлшерінде жүргізіледі.

 

 

 

ҚР Еңбек кодексің 111 бабына сәйкес үй-жайларды жинаушы қосымша төлем бойынша қызмет көрсету аймағының кеңейту жолымен қосымша жұмысты орындай алады.

Қызмет көрсету аймағын кеңейту — жұмыскердің еңбек шартында көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар жұмыс күнінің белгіленген ұзақтығы ішінде сондай бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы;

Мысалы: негізгі жұмысы –хатшы, қосымша лауазымы – хатшы. Қызмет көрсету аймағын кеңейтілгені үшін қосымша ақы лауазымдық ақыдан 50%-ға дейінгі мөлшерінде жүргізіледі.

 

 

1. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімге сәйкес  аудармашының-Жергілікті кәсіподақ мүшесінің апталық жұмыс уақыты – аптасына 36 сағат;

2. Негізгі еңбек дамалысының күні – 30 күнтізбелік күн;

3. Жергілікті кәсіподақ мүшелері үшін қосымша ақылы еңбек демалысы күндерінің саны- күнтізбелік 3 күн, егер қызметкерде оқу жылы ішінде бір де бір рет еңбекке жарамсыздық парағы болмаса;

5.  Басқа демалыс түрлері Келісіге келісті