Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы
(Кәсіподақ мүшелеріне арналған буклет)
«Жұмыскер (интернат ұйымдарының тәрбиешілері) өзінің жалақысы туралы нені білу керек»
Жалақы | Тәрбиешінің лауазымдық жалақысы, жалақының құрамдас бөліктері неге байланысты | Жалақыны есептеу | Жалақыны төлеу мерзімдері, жұмыскерге жалақының құрамдас бөліктері туралы хабарлау |
1. Жалақы-бұл еңбек үшін төленетін сыйақы;
2. Жалақы нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.
|
1. Тәрбиешінің лауазымдық ақысы
— біліктілікке — еңбек өтіліне байланысты. Тәбиешінің жалақысы бірнеше бөліктен тұрады, атап айтқанда нақты апталық оқу жүктемесімен анықталатын лауазымдық жалақы, сондай-ақ арттырулар, қосымша ақы мен үстемеақылар (біліктілік санаты үшін, ерекше білім берілу қажеттілігі бар балалармен жұмысы үшін, жетім балалармен жұмысы үшін және басқалар).
|
1.Тәрбиешінің бір айдағы жалақысы лауазымдық жалақыны олардың аптадағы нақты жүктемесіне көбейту және алынған нәтижені апталық нормативтік оқу жүктемесіне 25 сағатқа бөлу арқылы және жалақыға арттырулар, қосымша ақы және үстемеақылармен есептеледі. | 1. Жалақы келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді.
2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.
|
Жалақыдан ұстаулар | Нақты жүктемеге тәуелді және нақты жүктемеге тәуелді емес қосымша ақылар мен үстемеақылар | Егер тәрбиеші жұмыс істесе | Егер тәрбиеші уақытша жұмыста болмаған жұмыскедің міндетін атқарса (тәрбиеші) |
1. Жұмыскерлердің келісімінсіз – зейнетақы жарналары, МӘМС жарналары және табыс салығы ұсталады;
2. Кәсіподақ жарналары жұмыскерлердің өтініші бойынша ұсталады. 3. Шамадан тыс есептелген жалақы кезінде ұстап қалулар жұмыскердің келісімімен (өтініш бойынша) жүргізіледі; 4. Жұмыс берушінің актісі негізінде жұмыскерді хабардар ете отырып (яғни қызметкердің келісімінсіз) жұмыскердің жалақысынан ұстап қалуға болатын жағдай: — іссапарға байланысты, жұмсалмаған ақшалай сомасы; 5. Қалған жағдайларда (соның ішінде жұмыскер жалақысынан ұстап қалуларға қарсылық білдіргенде)- жалақыдан ұстап қалулар сот шешімі бойынша жүргізіледі.
|
1. Нақты жүктемесіне байланысты қосымша ақылар мен үстеме ақылар:
1). Біліктілік санат үшін қосымша ақы; 2).Ауылдық жердегі жұмысы үшін арттырылған үстемеақы; 3).Ерекше еңбек жағдайлары үшін үстеме ақылар төлеу; 2. Нақты жүктемесіне тәуелді емес қосымша ақылар мен үстеме ақылар (базалық лауазымдық ақыдан БЛА пайызбен белгіленген, мөлшері 17697 теңге ): 1). Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмысы үшін; 2). Жетім балалармен жұмыс үшін қосымша ақы 3). Санаторлық мектеп-интернаттарындағы жұмыстары үшін; қосымша ақы
|
1. Түнгі ауысымда – әрбір сағатына жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төленеді.
2. Мереке және демалыс күндерінде – әр жұмыс істеген сағаты үшін жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде төлем жүргізіледі;
|
1.Уақытша болмаған жұмыскердің міндету атқарғаны үшін орындалған жұмыстардың нақты көлемін негізге ала отырып 100% -ға дейін қосымша ақы жүзеге асырылады.
|