Үй-жайларды жинаушы

Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы

(Кәсіподақ мүшелеріне арналған буклет)

«Жұмыскер (үй-жайларды жинаушы) өзінің жалақысы туралы нені білу керек»

 

Жалақы Үй-жайларды жинаушының лауазымдық жалақысы, оның құрамдас бөліктері неге байланысты Жалақыны есептеу Жалақыны төлеу мерзімдері, жұмыскерге жалақының құрамдас бөліктері туралы хабарлау
1. Жалақы-бұл еңбек үшін төленетін сыйақы;

2. Жалақы нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.

 

 

1. Үй-жайларды жинаушының жалақысы білімге де еңбек өтіліне де байланысты  емес.

2. Үй-жайларды жинаушының тарифтік ставкасы ҚР Үкіметінің №1193 қаулысының № 3 қосымшасында айқындаған екінші разрядқа сәйкес;

3. Үй-жайларды жинаушының жалақысы жалақы бірнеше бөліктен тұрады, атап айтқанда тарифтік ставкадан, сондай-ақ қосымша ақылар мен үстемеақылардан (қызметтік үй-жайларды жинау кезінде жұмыста дезинфекциялау құралдарын пайдаланғаны үшін; дәретханаларды тазалағаны үшін; ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы).

 

 

 

 

1. Үй-жайларды жинаушының бір айдағы жалақысы коэффицентті  базалық лауазымдық ақыға (БЛА=17697 теңге) көбейту және 1,71 (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап)  арттыру коэффицентіне  көбейту жолымен есептеледі және

1). қызметтік үй-жайларды жинау кезінде  дезинфекциялау құралдарын пайдаланғаны үшін- БЛА-дан 20% немесе дәретхананы жинау кезінде  дезинфекциялау құралдарын пайдаланғаны үшін – БЛА-дан 30% қосымша ақы;

2). ерекше еңбек жағдайлары үшін -тарифтік ставкадан 10 % үстемеақы

 

1. Жалақы келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді.

2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.

 

 

Жалақыдан ұстаулар Лауазымдарды қоса атқару Қызмет көрсету аймағын кеңейту Егер үй -жайларды жинаушы жұмыс істесе
1. Жұмыскерлердің келісімінсіз – зейнетақы жарналары, МӘМС жарналары және табыс салығы ұсталады;

2. Кәсіподақ жарналары жұмыскерлердің өтініші бойынша ұсталады.

3. Шамадан тыс есептелген жалақы кезінде ұстап қалулар жұмыскердің келісімімен (өтініш бойынша) жүргізіледі;

4. Жұмыс берушінің актісі негізінде жұмыскерді хабардар ете отырып (яғни қызметкердің келісімінсіз) жұмыскердің жалақысынан ұстап қалуға болатын жағдай:

іссапарға байланысты, жұмсалмаған ақшалай сомасы;

5. Қалған жағдайларда (соның ішінде жұмыскер жалақысынан ұстап қалуларға қарсылық білдіргенде)- жалақыдан ұстап қалулар сот шешімі бойынша жүргізіледі.

 ҚР Еңбек кодексің 111 бабына сәйкес үй-жайларды жинаушы қосымша төлем бойынша лауазымдарды қоса атқару жолымен қосымша жұмысты орындай алады.

Жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – лауазымдарды қоса атқару;

Қосымша жұмыс негізгі лауазым бойынша жұмыс уақыты ішінде орындалады.

Мысалы: негізгі жұмыс бойынша лауазымы – үй-жайларды жинаушы, қосымша (қоса атқарушы) лауазымы – вахтер. Лауазымды қоса атқарғаны үшін қосымша ақы тарифтік ставкадан 50%-ға дейінгі мөлшерінде жүргізіледі.

 

ҚР Еңбек кодексің 111 бабына сәйкес үй-жайларды жинаушы қосымша төлем бойынша қызмет көрсету аймағының кеңейту жолымен қосымша жұмысты орындай алады.

Қызмет көрсету аймағын кеңейту — жұмыскердің еңбек шартында көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар жұмыс күнінің белгіленген ұзақтығы ішінде сондай бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы;

Мысалы: негізгі жұмыс бойынша лауазымы – үй-жайларды жинаушы, қосымша лауазымы – үй-жайларды жинаушы. Қызмет көрсету аймағын кеңейтілгені үшін қосымша ақы тарифтік ставканың 50%-ға дейінгі мөлшерінде жүргізіледі.

1.Мереке және демалыс күндерінде – жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде төлем жүргізіледі;