Күн тәртібінде дамудың өзекті мәселелері

Жергілікті кәсіподақ Алқасы мен білім берудің облыстық ардагерлер кеңесінің бірлескен кеңейтілген отырысы барысында 2021 жылғы Кәсіподақ комитеті қаулыларының орындалуы,  2021 жылғы кәсіподақ бюджеті сметасының орындалуы туралы, «Мейірім»  әлеуметтік және қайырымдылық көмек қорының қызметі туралы және т.б.  туралы мәселелер қарастырылды.

Сондай-ақ, Алқа отырысында Жергілікті кәсіподақ аппараты дайындаған бірқатар жинақтар бекітілді:

Есеп беру-сайлау конференциясын дайындау және өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар

Еңбек құқығының жекелеген нормаларын әлеуметтік әріптестік  туралы келісімге және ұжымдық шартқа сәйкес іске асыру

«Кәсіподақ мүшелерінің өзекті мәселелері».

ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында тіркелгеннен кейін ISBN тиісті  нөмірі беріле отырып, біздің бірлестіктің барлық филиалдары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдары тегін негізде жинақтармен қамтамасыз етілетін болады. .

Күн тәртібінің әр мәселесі бойынша қаулы қабылданды.