Кәсіподақ бастауыш кәсіподақ ұйымынан басталады!

Өздеріңіз білетіндей, еңбек ұжымының өнімділігі мен үйлесімділігі оның әрбір мүшесінің еңбек жайлылығы жоғары  деңгейде болған жағдайда ғана мүмкін болады.

Бұл басшының және сондай-ақ кәсіподақ белсенділерінің күш –жігеріне тікелей қатысты

Дәл солар, кәсіподақ көшбасшылары мен белсенділері уақытылы және тиісті көмек пен қолдау көрсете отырып ұжымды біріктіреді, ақыр соңында бүкіл кәсіподақ ұйымының жағымды имиджін қалыптастырады. Өйткені, кәсіподақ бастауыш ұйымынан басталады.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының 2021 жылды бастауыш кәсіподақтық ұйымы жылы деп жариялау туралы бастамасы, ол бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін жандандырып қана қоймай, олардың беделін нығайтып, бастауыш кәсіподақ ұйымдарын дамытудың өзекті проблемалары мен перспективаларын айқындайды.

Қостанай облысының білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы 700-ге жуық бастауыш кәсіподақ ұйымдарын біріктіреді, олардың әрқайсысының өзіндік бірегей келбеті, қайталанбас дәстүрлері және өзіндік ерекшелігі бар. Біз олардың ішінде отызының (биылғы жылдың елеулі көрсеткіші) кәсіподақ жұмысының озық тәжірилері туралы өз мақалаларымызда баяндаймыз.

Танысайық: Қостанай қаласының №14 мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы.

Мектеп ұжымы қалалық өлшемдері бойынша өте үлкен емес – 102 адам, олардың барлығы 100% кәсіподақ мүшелерінің  құрайды. Бұл да кәсіподақ жұмысының елеулі нәтижесі!

Мектептің кәсіподақ ұйымы өзіңіз қызметінің басымдылығын кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қорғаудан, оның ішінде Келісімнің талаптарын жақсартатын әлеуметтік пакеті, ұжымдық шарт жасасу арқылы көреді.

Мысалы, Келісім бойынша, егер қызметкерге үйлену жағдайында  үш тәулiкке дейiнгi ақылы демалыс берiлсе, мектептің келісім шарты бойынша  бес тәулiкке дейiнгi беріледі.

Егер Келісім бойынша әдістемелік бірлестіктердің жетекшілеріне қосымша демалыс биыл ғана енгізілсе, бұл тәжірибе №14 мектепте бұрыннан бар.

Сондай-ақ, түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен жарыстарда жүлделі орындарға ие болған мұғалімдерге, сондай-ақ жүлделі орындарға ие болған жүлдегер-оқушылар дайындаған мұғалімдерге қосымша ақылы демалыс алу ұсынылады.

Мектеп кәсіподағы облыстың және еліміздің санаторийларында өз денсаулығын жақсартуға ниет білдіргендерге жолдамалар құнын ішінара төлейді. Өмірлік қиын жағдайға тап болған немесе ауыр науқастан кейін оңалтуды қажет ететін қызметкерлерге қайырымдылық көмек көрсетеді.

Мысалы, өткен жылы COVID-19 ауруымен  ауырған  мектеп жұмысшылары назардан тыс қалған жоқ.

Еңбек ұжымы тек  адал жұмысты істеуді ғана емес, демалуды да біледі. Дәстүрлі мерекелер, табиғатқа бару, отбасылық спорт жарыстары еңбек ұжымын нығайтуға және біріктіруге көмектеседі.

2020 жылғы №14 мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымы үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы атты қалалық конкурста 1- орынды иеленді.  Оның жетістігінің құпиясы ең алдымен еңбек ұжымының мақсаттары мен іс-әрекеттерінің бірлігінде және мектеп директоры Е.К. Әленова тарапынан барлық кәсіподақ бастамаларын сөзсіз қолдауында.

Мектеп ұжымына алдағы еңбек жетістіктерін, ал кәсіподақ белсенділеріне осындай көп еңбек етуді талап ететін, қиын, бірақ қоғам үшін өте маңызды  жұмыста табыс тілейміз.