«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің
жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ кәсіподақ комитетінің
2020 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 8 хаттамасымен бекітілген
«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ кәсіподақ қозғалысы ардагерлерінің кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
Жалпы ережесі
- «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің
жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ ардагерлер кеңесі кәсіподақ қозғалысы ардагерлерін қорғау және әлеуметтік қолдау мақсатында құрылады.
1.2. «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің
жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ ардагерлер кеңесі заңды тұлға құрамай тұрақты жұмыс істейтін қоғамдық ұйым болып табылады.
1.3. «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің
жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ жанындағы кәсіподақ қозғалысының ардагерлер кеңесі (бұдан әрі-Кеңес) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, ҚР «Кәсіптік одақтар туралы», «Ардагерлер туралы» заңдарына, басқа да нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
1.4. Кеңесті құру (қызметін тоқтату) туралы шешімі «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ Кәсіподақ комитетімен қабылданады. Кеңес кәсіподақ комитетінің өкілеттік мерзіміне құрылады.
1.5. Кеңестің қызметіне жалпы басшылықты, оны қаржыландыруды (шығындар сметасына сәйкес) Кәсіподақ комитеті іске асырады.
1.6. Кеңес құрамына енеді:
– зейнеткерлікке шыққан Қостанай облысы білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ ұйымы төрағасы мен төраға орынбасарлары;
– зейнеткерлікке шыққан, ұйымдардың кәсіподақ комитеттерінің босатылған төрағалары;
– зейнеткерлікке шыққан, ұйымдардың кәсіподақ комитеттерінің босатылмаған төрағалары;
– зейнеткерлікке шыққан, облыстық кәсіподақ ұйымы аппаратының қызметкерлері.
- Қызметтің негізгі бағыттары
2.1. «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ мақсаты мен міндеттерін іске асыруда көпшілікке танылған беделді ардагерлер мен ардагерлер кеңесі мүшелерінің зияткерлік және ұйымдастырушылық әлеуетін жалпылау және тарту.
2.2. Жастар кәсіподақ белсенділері мен жалпы кәсіподақ қозғалысы арасында кәсіподақ жұмысының дәстүрлерін сақтау және дамыту, сабақтастықты қамтамасыз ету ісінде кәсіподақ қозғалысы ардагерлерінің рөлін арттыру.
2.3. Кәсіподақ қозғалысы ардагерлеріне әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз етуде әлеуметтік қорғаныс пен көмекті күшейту.
2.4. Кәсіподақ қозғалысы ардагерлерін кәсіподақтың қоғамдық, мәдени-көпшілік өміріне таруға көмектесу
2.5. Кәсіподақ қозғалысы ардагерлерінің әлеуметтік жағдайы бойынша, оларды қорғау және қолдауды назарға алуды күшейту мақсатында бұқаралық ақпараттар құралдарында сөз сөйлеу
2.6. ҚР қолданыстағы заңдылықтары аясында басқа да функцияларды орындайды.
- Ардагерлер кеңесінің жұмысын ұйымдастыру.
3.1. Кеңесті кеңес отырысында сайланған төраға басқарады. Сайланған кандидатура «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ кәсіподақ комитетінде бекітіледі.
3.2. Кеңес отырысы қажеттілік бойынша жиналады, алайда жарты жылда бір реттен жиі болмауы қажет. Шешім отырысқа қатысқан Кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Кеңес отырысы хаттамамен рәсімделеді.
- Ардагерлер кеңесі қызметін қаржыландыру көзі
4.1. Кеңестің қызметімен байланысты шығындарды сметаға сәйкес «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ жүргізеді.
4.2. Ардагерлер кеңесі Қазақстан Республикасының заңнамасы шегіндегі заңды және жеке тұлғалар төлейтіе мақсатты (белгілі бір іс-шалара мен жекелеген тұлғалар үшін) қызметтерді қабылдайды.