⛷️Кәсіподақ шаңғы жарысы «Спорт, оқу және бос уақыт-кәсіподақ — біздің жақсы досымыз!» 2025 жылдың 15 ақпанында Арқалық қаласының шаңғы базасының аумағында облыстық ұйымдар кәсіподағының мүшелері арасында шаңғы жарысы өтті. Шаңғы жарысына 60-тан астам адам қатысты.
⛷️Жарыс екі кезеңде өтті, бұл Арқалық қаласының кәсіподақ бастауыш ұйымдарының мүшелері арасындағы жеке біріншілік және эстафеталық жарыстар.
⛷️Ерлер үшін ұзындығы 5 км және әйелдер үшін 3 км қашықтықта шаңғы жарысы қарастырылған.
👏👏Жарысқа қатысушылар позитивті энергиямен, жақсы көңіл-күймен зарядталды, ашық ауада іс-шарадан үлкен рахат алды. Қатысушылардың өздері айтып өткендей, қысқы спорт түрлерінен мұндай жарыстар денсаулыққа оң әсер етіп қана қоймай, спорттық рухты нығайтады. Ең бастысы- жанымызда бәсекелестер емес, пікірлес адамдардың болғанында, сол себепті жарыста тек жағымды эмоциялар ғана болды. Сонымен қатар, бұл жұмыс атмосферасынан тыс әріптестермен байланысу мүмкіндігі.
«Осы іс-шараны ұйымдастырғандардың барлығына рахмет және мұндай жаппай шаралар жиі өтсін! – деп қатысушылар өз ойларымен бөлісті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар Жергілікті кәсіподақтың Құрмет грамотасымен және сыйлықпен марапатталды, сондай-ақ көңілді және белсенді бөліктен кейін шай кеші өтті, онда оларды дәмді тәттілер күтіп тұрды: құрт, жент және ыстық бауырсақ. ☕️