Өткен жылдан бастап Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкеерлерінің жергілікті кәсіптік одағымен белсенді демалыстың жаңа тәжірибесі – еліміздің қалалары бойынша кәсіподақтық экскурсиялық туризмі іске асырылуда.
Қасиетті Түркістанның қаласына ғана 2022 жылы авиациялық көлікпен жергілікті кәсіподақтың 100-ден астам мүшесі кәсіподақ жеңілдігімен жолдама арқылы бара алды.
Дәл осы күндері Еліміздің оңтүстік астанасы-Алматы қаласы мен Алматы облысының көркем бағыттары бойынша демалыс күндерінің экскурсиялық турының жаңа кәсіподақ туристік маусымының ашылуы өтті.
Топ облыстың 34 білім қызметкерін, оның ішінде 12 баланы біріктірді. Бұл ретте, жергілікті кәсіподақ мүшелерінің балалары үшін маршруттың екі шетіне ұшу мүлдем тегін.
Саяхат туралы пікірлер жағымды жағынан айтылуда. Көк Төбе, Шарын шатқалы, Көлсай көлдері, Алма-Арасан тау шатқалы сияқты бірегей табиғи көрікті жерлердің сұлулығы ешкімді бей-жай қалдырмайды. Оған қоса жайлы орын, әртүрлі дәмді тамақтану және кәсіби экскурсиялық сүйемелдеу болды.
– Бір демде өткен керемет демалыс үшін рахмет, мен жүз пайызға ризамын! – деп Қарабалық ауданынан келген Әсем Бисекеева өз пікірін білдірді.
– Осы сапарда ұлым екеуміз көптеген әсерлер мен эмоциялар алдық. Мұндай «таза ауа тынысындай» сапарлар біздерге қажет, ұлым екеуміз көптеген жағымды эмоциялар алдық!
– Бұл менің Қазақстан бойынша жасаған алғашқы сапарым және ол өте жақсы өтті- дейді, Алтынсарин ауданынан келген Евгения Зартдинова.
Кәсіподақтың жаңа экскурсиялық тобы келесі стартқа дайын, олардың да эмоциялары жарқын, әсерлері әрі жағымды боламақ.
Жергілікті кәсіподақтың баспасөз қызметі