Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы
(Кәсіподақ мүшелеріне арналған буклет)
«Жұмыскер (күзетші) өзінің жалақысы туралы нені білу керек»
Жалақы | Күзетшінің лауазымдық жалақысы, оның құрамдас бөліктері неге байланысты | Жалақыны есептеу | Жалақыны төлеу мерзімдері, жұмыскерге жалақының құрамдас бөліктері туралы хабарлау |
1. Жалақы-бұл еңбек үшін төленетін сыйақы;
2. Жалақы нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.
|
1. Күзетшінің жалақысы білімге де еңбек өтіліне де байланысты емес.
2. Күзетшінің тарифтік ставкасы ҚР Үкіметінің №1193 қаулысының № 3 қосымшасында айқындаған бірінші разрядқа сәйкес; 3. Жалақы бірнеше бөліктен тұрады, атап айтқанда тарифтік ставкадан, сондай-ақ қосымша ақылар мен үстемеақылардан (түнгі жұмыс үшін қосымша ақы; мереке күніндегі жұмыс үшін қосымша ақы; ерекше еңбек жағдайлары үшін; үстеме жұмыс үшін қосымша ақы ).
|
1. Күзетшінің бір айдағы жалақысы коэффицентті базалық лауазымдық ақыға (БЛА=17697 теңге) көбейту және 1,71 (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап) арттыру коэффицентіне көбейту жолымен есептеледі және:
1) түнгі уақытта жұмыс істегені үшін қосымша ақы-жұмыстың әрбір сағаты үшін кемінде бір жарым мөлшерде; 2) мереке күндері жұмыс істегені үшін қосымша ақы — — жұмыстың әрбір сағаты үшін кемінде бір жарым мөлшерде; 3) ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы-тарифтік ставканың 10 % ; 4). үстеме жұмыс үшін қосымша ақы-жұмыстың әр сағаты үшін кемінде бір жарым мөлшерде. |
1. Жалақы келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді.
2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.
|
Жалақыдан ұстаулар | Лауазымдарды қоса атқару | Қызмет көрсету аймағын кеңейту | Егер күзетші жұмыс істесе |
1. Жұмыскерлердің келісімінсіз – зейнетақы жарналары, МӘМС жарналары және табыс салығы ұсталады;
2. Кәсіподақ жарналары жұмыскерлердің өтініші бойынша ұсталады. 3. Шамадан тыс есептелген жалақы кезінде ұстап қалулар жұмыскердің келісімімен (өтініш бойынша) жүргізіледі; 4. Жұмыс берушінің актісі негізінде жұмыскерді хабардар ете отырып (яғни қызметкердің келісімінсіз) жұмыскердің жалақысынан ұстап қалуға болатын жағдай: — іссапарға байланысты, жұмсалмаған ақшалай сомасы; 5. Қалған жағдайларда (соның ішінде жұмыскер жалақысынан ұстап қалуларға қарсылық білдіргенде)- жалақыдан ұстап қалулар сот шешімі бойынша жүргізіледі. |
ҚР Еңбек кодексің 111 бабына сәйкес күзетші қосымша төлем бойынша лауазымдарды қоса атқару жолымен қосымша жұмысты орындай алады.
Жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – лауазымдарды қоса атқару; Қосымша жұмыс негізгі лауазым бойынша жұмыс уақыты ішінде орындалады. Мысалы: негізгі жұмыс бойынша лауазымы – күзетші, қосымша (қоса атқарушы) лауазымы – аула сыпырушы. Лауазымды қоса атқарғаны үшін қосымша ақы лауазымдық жалақысының 50%-ға дейінгі мөлшерінде жүргізіледі.
|
ҚР Еңбек кодексің 111 бабына сәйкес күзетші қосымша төлем бойынша қызмет көрсету аймағының кеңейту жолымен қосымша жұмысты орындай алады.
Қызмет көрсету аймағын кеңейту — жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар жұмыс күнінің (ауысымның) белгіленген ұзақтығы ішінде сондай бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы; Мысалы: негізгі жұмыс бойынша лауазымы – күзетші, қосымша лауазымы – күзетші. Қызмет көрсету аймағын кеңейтілгені үшін қосымша ақы лауазымдық жалақысының 50%-ға дейінгі мөлшерінде жүргізіледі. |
1. Мереке және демалыс күндерінде – әр жұмыс істеген сағаты үшін жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде төлем жүргізіледі;
2. Түнгі ауысымда – әрбір сағатына жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төленеді. 3. Айлық нормадан жұмыс істеу — әр сағатына жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төленеді.
|