Жергілікті жерлерде Келісім нормаларының нақты орындалуын зерделеу мақсатында мониторингтік топ құрылды және де ол өз жұмысын бастады.

Біздің мамандар Алтынсарин және Қостанай аудандарының білім беру ұйымдарының бастауыш кәсіподақ ұйымдарында Келісім нормаларының орындалуына мониторинг жүргізді. Қорытындылар бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Кезең-кезеңмен біздің облыстың барлық қалалары мен аудандарына шығу ұйымдастырылады.