Кім спортпен шұғылданса, күші де мықты болады!

Бұл даусыз!

🥎Сондықтан да 2024 жылдың алғашқы күндерінен-ақ Денсаулық жылы аясында біздің бірлестіктің бастауыш кәсіподақтары жаппай спорттық іс-шаралар ұйымдастыруда.

⚾️Мысалы, ҰЗЫНКӨЛ АУДАНЫ НОВОПОКРОВ МЕКТЕБІНІҢ кәсіподақ активистері «Көңілді старттар» іс-шарасын ұйымдастырды, қатысушылар грамоталар, тәтті сыйлықтар алды және керемет көңіл күйге бөленді!

🥎ҰЗЫНКӨЛ АУДАНЫ АРЗАМАС МЕКТЕБІНДЕ ұйым қызметкерлерінің құрама командалары арасына волейбол бойынша кәсіподақ турнирі өткізілді. Іс-шара жарқын эмоциялар, спорттық ынта, шиеленісті сәттер, достық қатынас болса да, бәсекелестік жағдайда өтті. Әр команда жеңіс үшін абыроймен күресті.

⚾️Дене тәрбиесі және балалар-жасөспірімдер туризмі өңірлік орталығының қолдауымен ҚОСТАНАЙ ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ кәсіподақ мүшелерінің командасы скалодромда практикалық сабаққа қатысты.

➡️ Ал сіздердің бастауыш кәсіподақ ұйымдарында қандай спорттық іс-шаралар ұйымдастырылуда? Бізбен фото және видеоларыңызбен бөлісе отырыңыздар!😉