Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы
(Кәсіподақ мүшелеріне арналған буклет)
«Жұмыскер (колледжде өндірістік оқыту шебері) өзінің жалақысы туралы нені білу керек»
Жалақы | Өндірістік оқыту шеберінің лауазымдық жалақысы, жалақының құрамдас бөліктері неге байланысты | Жалақыны есептеу, оның ішінде демалыс күндері
|
Сағаттық төлем |
1. Жалақы-бұл еңбек үшін төленетін сыйақы;
2. Жалақы нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.
|
1. Өндірістік оқыту шеберлерінің лауазымдық ақысы
— біліктілікке — еңбек өтіліне байланысты. Шебердің жалақысы бірнеше бөліктен тұрады, атап айтқанда лауазымдық жалақы, сондай-ақ арттырулар, қосымша ақы мен үстемеақылар (біліктілік санаты үшін, өндірістік оқытуды ұйымдастыру үшін қосымша ақы және басқалар).
|
1. Шебердің жалақысы айлық лауазымдық жалақыға және арттыруларға, қосымша ақыға және үстемеақыға байланысты есептеледі.
2. Айына белгіленген орташа жалақы шеберге кезекті демалыс күндерін қоспағанда, оқу жылы ішінде (яғни демалыс уақытында) жұмыс істегені үшін есептеледі.
|
1. Оқу жүктемесінің көлемі толық болмағанда, сондай-ақ белгіленген жұмыс уақытының нормасынан тыс берілген оқу уақытының көлемі үшін науқастануына, демалыста болуына, іссапарда, оқу жиындарында өндірістік оқу педагогтерінің уақытша міндетін орындаған жағдайда, оқу жұмысының жеткіліксіз көлеміне байланысты оқу орнының штатына шебердің штаттық бірлігінің болмауы жағдайда, өндірістік оқу шеберіне сағаттық ақы төленеді. Бұл жағдайда жалақы мөлшері шебердің айлық лауазымдық жалақысын жұмыс сағаттарының орташа айлық нормасына бөліп, шыққан сағаттық ставканы ай ішінде істелген нақты сағаттар санына көбейту жолымен белгіленеді. |
Жалақыны төлеу мерзімдері, жұмыскерге жалақының құрамдас бөліктері туралы хабарлау | Жалақыдан ұстаулар | Оқу жүктемесіне тәуелді және оқу жүктемесіне тәуелді емес қосымша ақылар мен үстемеақылар | Лауазымдарды қоса атқару |
1. Жалақы келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді.
2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.
|
1. Жұмыскерлердің келісімінсіз – зейнетақы жарналары, МӘМС жарналары және табыс салығы ұсталады;
2. Кәсіподақ жарналары жұмыскерлердің өтініші бойынша ұсталады. 3. Шамадан тыс есептелген жалақы кезінде ұстап қалулар жұмыскердің келісімімен (өтініш бойынша) жүргізіледі; 4. Жұмыс берушінің актісі негізінде жұмыскерді хабардар ете отырып (яғни қызметкердің келісімінсіз) жұмыскердің жалақысынан ұстап қалуға болатын жағдай: — іссапарға байланысты, жұмсалмаған ақшалай сомасы; 5. Қалған жағдайларда (соның ішінде жұмыскер жалақысынан ұстап қалуларға қарсылық білдіргенде)- жалақыдан ұстап қалулар сот шешімі бойынша жүргізіледі. |
1. Апталық оқу жүктемесіне байланысты қосымша ақылар мен үстеме ақылар:
1). Біліктілік санат үшін қосымша ақы; 2).Ауылдық жердегі жұмысы үшін арттырылған үстемеақы; 3).Ерекше еңбек жағдайлары үшін үстеме ақылар төлеу; 4). Зиянды және қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыс үшін қосымша ақы 2. Апталық оқу жүктемесіне тәуелді емес қосымша ақылар мен үстеме ақылар (базалық лауазымдық ақыдан БЛА пайызбен белгіленген, мөлшері 17697 теңге ): 1). Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмысы үшін; 2). Өндірістік оқытуды ұйымдастырғаны үшін; 3).Шеберхана кабинетін меңгергені үшін;
|
ҚР Еңбек кодексің 111 бабына сәйкес өндірістік оқыту шебері қосымша төлем бойынша лауазымдарды қоса атқару жолымен қосымша жұмысты орындай алады.
Жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – лауазымдарды қоса атқару; Қосымша жұмыс негізгі лауазым бойынша жұмыс уақыты ішінде орындалады. Мысалы: негізгі жұмыс бойынша лауазымы – өндірістік қажеттілік шебері, қосымша (қоса атқарушы) лауазымы – жабдықтарды жөндеу жөніндегі техник. Лауазымды қоса атқарғаны үшін қосымша ақы лауазымдық жалақысының 50%-ға дейінгі мөлшерінде жүргізіледі.
|