🔹Жергілікті білім беру кәсіподағының төрағасы Василий #Цымбалюктің, Рудный қаласы білім бөлімінің басшысы Темірхан #Жайлыбаевтың, Рудный қаласының білім беру ұйымдарының кәсіподақ бастауыш ұйымдарының басшылары мен төрағаларының қатысуымен «Рудный қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіптік одағының ұйымы» филиалының есептік-сайлау конференциясы өтті.
🔹Конференция делегаттарына арналған құттықтау сөзінде Василий Александрович Рудный филиалы қызметінің жоғары тиімділігін, соның ішінде жыл бойы облыс филиалдары арасындағы рейтингтік бағалау қорытындысы бойынша ең мықты үштікке ие болғанын, ал 2022 жылы жасалған жағдайлардың сапасы мен нәтиженің сапасы бойынша рейтингтің жоғарғы қатарына көтерілгендігін атап өтті.
🔹– Бұл қаланың кәсіподақ білім беру активінің де, біздің әлеуметтік әріптестіктеріміздің де сауатты жүргізген жұмысының нәтижесі,-деп жергілікті кәсіподақ төрағасы айта кете отырып, білім бөлімінің басшысы Темурхан Бекбергенұлы Жайлыбаевқа және Рудный қаласының білім беру ұйымдары басшыларының әрқайсысына білім беру саласы қызметкерлерінің-кәсіподақ мүшелерінің мүдделеріне қолдау көрсеткені және жемісті ынтымақтастығы үшін ерекше алғысын білдірді.
🔹Сондай-ақ, Василий Цымбалюк Жергілікті білім беру кәсіподағының «Қостанай облысы білім қызметшілерінің кәсіподақ қызметіне сіңірген еңбегі үшін» белгісімен және кәсіподақ қозғалысын нығайту және дамыту ісіне елеулі үлес қосқан Рудный қаласы білім беру ұйымдарының қызметкерлерін Құрмет грамоталарымен марапаттады!
🔹Есеп беру-сайлау конференциясының қорытындысы бойынша бірауыздан ашық дауыс беру арқылы Рудный кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Амина #Мырзатаева сайланды. Әмина Оразақызы 40 жылға жуық еңбегін білім беру саласына арнап, кәсіподақ қозғалысының дамуына елеулі үлес қосты.
🔹Амина Оразақызын сайлануымен құттықтаймыз! Болашақта нәтижелі кәсіподақ жұмысын тілейміз!💐💐