«Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» атты облыстық конкурс қорытындысы шығарылды.

Себебі, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру үшін үлкен ауыртпалық пен жауапкершілікті көтеретін техникалық инспекторлар.

Конкурсқа облыстың түрлі өңірлерінен 28 техникалық инспектор қатысты. Жеңімпаздар 20 критерий бойынша анықталды.

Үздіктер:

3 орын – Роза Горбулина, Ұзынкөл ауданы, Арзамас мектебі

3 орын – Сағит Ақанов, Әулиекөл ауданының С. Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы.

2 орын – Сарсенбек Өміржанов, Рудный қ. Б. Майлин ат. №7 мектеп-гимназиясы.

1 орын және «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» атағын Қостанай қ. №44 бөбекжай бақшасы  Наркүміс Құрманғалиева иеленді.

Жеңімпаздар грамотамен және кәсіподақ сыйлығымен марапатталды!

Конкурс Жеңімпаздарын құттықтаймыз! Осындай инспекторлармен еңбекті қорғау жоғары сапада болатыны сөзсіз!

Біздің облысымыздың атынан республикада өнер көрсететін Наркүміс Құрманғалиеваға сәттілік тілейміз!!