Әлеуметтік әріптестік іс-әрекетте: Жергілікті кәсіподақ күнінің Әулиекөл ауданы бойынша қорытындысы

Біздің бірлестікте өткен жылдан бастап «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес іске асырылатын қоғамдық бақылау процедурасы Әулиекөл ауданы «Ақбота» бөбекжайы мен Н. Островский атындағы Аманқарағай жалпы білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарында жүргізілді.

Барлық ұйымдар қоғамдық бақылаудан сәтті өтті, бұл іс-әрекет дипломдармен және «Қоғамдық бақылау» мүсіншесімен расталды.

Білім беру ұйымдарының басшыларына яғни, біздің әлеуметтік әріптестерімізге білім басқармасы мен жергілікті кәсіподақ арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің ережелерін іске асыру жөніндегі жүйелі және сапалы жұмысы үшін, сондай-ақ ұжымдық шарттардың нормаларын орындағаны үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Жергілікті кәсіподақ күні ауданның білім беру ұйымдарының басшыларымен және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен нәтижелі кездесумен аяқталды, бұл кездесуде әлеуметтік әріптестіктің, еңбек құқықтарын қорғаудың және одан әрі өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.