Құрметті Қостанай облысы білім саласының қызметкерлері!
Сіздерді Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
7 мамырдың Жеңіс күні қарсаңында тойлануының символдық мәні бар. Бұл Ұлы Отан соғысындағы жеңімпаздардың және біздің Отанымызды қорғаушылардың қазіргі ұрпағының даңқты дәстүрлерінің сабақтастығын көрсетеді.
Дәстүр бойынша, Отан қорғаушылар күнінде ең алдымен ер азаматтарға алғыс сөздер айтылады.
Қостанай облысының білім беру саласындағы жұмысшы ерлердің үлесі жыл сайын артып келе жатқаны қуантады. Біздің кәсіподақ бірлестігінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарын басқаратын, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғайтын ер адамдардың саны да жыл сайын артып келеді. Сіздердің адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
Құрметті ер-азаматтар! Барлық өмірлік міндеттерді іске асыруда зор денсаулық, тұрақтылық пен табыс тілеймін! Батылдық пен ерліктің осы бір мерекесі әрдайым қуанышты әрі бейбіт болсын!
Бәріміз де соғыстың қайғы-қасіретін білеміз. Соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеді, әр отбасының қандай да бір қайғылы оқиғасы бар. Ал біз, жеңімпаздардың ұрпақтары, осы әлемді ерекше бағалап, оны достық пен келісімде сақтауға міндеттіміз.
1945 жылғы мамырдағы Жеңіс – халықтың ынтымағы мен бірлігінің жарқын үлгісі.
Біз майданда және тылда иық түйістіре тұрғандардың ерлігіне таңдануды және тағзым етуді тоқтатпаймыз. Ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне мың тағзым! Қаза тапқан ержүрек батырлардың рухына мәңлілік даңқ пен тағзым! Жеңіс, бейбітшілік өмір үшін рахмет!
Құрметті әріптестер!
Осы көктемгі мереке күндері Сізге және сіздің отбасыларыңызға зор денсаулық пен ұзақ өмір, қуаныш пен мейірімділік тілеймін! Әрдайым аспанымыз ашық, әр үйде бақыт, игілік пен сүйіспеншілік болсын!
Құрметпен,
«Қостанай облысы білім және
ғылым ұйымдары қызметкерлерінің
жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы
Василий Цымбалюк