«Мен және менің жұмыс орным»
онлайн- бейнероликтер конкурсын өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережесі
- Осы ереже «Мен және менің жұмыс орным» онлайн-конкурсын өткізу тәртібі мен шарттарын белгілейді (бұдан әрі-Конкурс).
- Конкурс ұйымдастырушысы – «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ (бұдан әрі — Кәсіподақ).
- Конкурс туралы барлық ақпараттар, соның ішінде осы ереже Кәсіподақтың ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі аккаунттарында орналастырылады
- Конкурстың мақсаты, міндеттері, қатысушылары
- Конкурс педагогикалық емес лауазымдарды атқаратын кәсіподақ мүшелері-қызметкерлерді кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруда қолдау; еңбексүйгіштік пен кәсібилік идеясын ілгерілету мақсатында жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде өткізіледі.
- Конкурс міндеттері:
— әкімшіліктертің, кәсіподақ комитетінің, қызметкерлердің санитарлық – гигиеналық, өрт қауіпсіздігі және басқа да талаптарға сай заманауи жұмыс орындарын құру үшін ынтасын арттыру.
— оң тәжірибені қолдау және тарату мақсатында үздік жұмыс орындарын анықтау
— жұмыскерлердің жұмыс орындарын құруда әлеуметтік әріптестік принциптерін дамыту
- Конкурсқа қатысушылар-педагогикалық емес лауазымдарды атқаратын кәсіподақ мүшелері.
- Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі
- Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін Кәсіподақ ұйымдастыру комитетін құрады, оған жалпы басшылық функциялары, конкурсты өткізу шарттары мен тәртібінің сақталуын бақылау, жеңімпаздарды айқындау, сондай-ақ Конкурсқа байланысты басқа да функциялар жүктеледі.
- Конкурсқа қатысу үшін 2025 жылғы 1 сәуір мен 10 қыркүйек аралығында электрондық поштаға қажет lprofedu@mail.ru «бейнероликтер конкурсы» деген белгімен Конкурс тақырыбы бойынша өтінім (нысан қоса беріліп отыр) және конкурстық жұмыс (бейнеролик) жіберілу қажет.
- Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсыныла алады.
- Бейнероликтің максималды ұзақтығы – 90 секундқа дейін
- Конкурсқа жарнамалық сипаттағы, басқа адамдардың қадір-қасиеті мен сезімін қорлайтын, жарияланған тақырыпқа сәйкес келмейтін, авторлық құқықты бұзатын жұмыстар қабылданбайды.
- Конкурсқа қатысатын жұмыстың авторлық құқығының сақталуына осы жұмысты жіберген автор жауапты болады.
- Конкурсқа материалдарды ұсына отырып, авторлар конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық материалдарды коммерциялық емес мақсаттарда (Интернетте, баспа басылымдарында және т.б. орналастыру) жарамдылық мерзімін шектемей пайдалану құқығын автоматты түрде береді.
- Конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері
− жұмыстың осы ереженің шарттары мен талаптарына сәйкес келуі;
− жұмыстың мазмұндылығы (жұмыстың құрылымы, логикасы және толықтығы);
− жұмыс сапасы (көркем және техникалық тұрғыдан)
− ойдың сонылығы және шығармашылық ыңғайы
− конкурстық жұмыстың эстетикасы;
− жалпы эмоционалдық қабылдауы
- Қорытындылау
- Ұйымдастыру комитеті 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі мерзімде мәлімделген критерийлер негізінде сараптамалық бағалау жүргізеді және конкурс жеңімпаздарын (I, II, III жүлделі орындар), сондай-ақ «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясының лауреатын айқындайды.
- «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясының лауреаты абоненттердің дауыс беруі арқылы анықталады.
- Байқау қорытындысы 2025 жылдың 10 қазанына дейінгі мерзімде жарияланады. 5. Байқау жеңімпаздары (I, II, III жүлделі орындар) және «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясының лауреаты кәсіподақ грамоталарымен және сыйлықтармен марапатталады.
| «Мен және менің жұмыс орным» онлайын-бейнероликтер конкурсын өткізу туралы ережесіне қосымша |
«Мен және менің жұмыс орным» онлайн-бейнероликтер конкурсына қатысуға өтінім
| №р/р | Қатыскшының аты-жөні | Бастауыш кәсіподақ ұйымының атауы, лауазымы, жалпы еңбек өтілі және аталған ұйымдағы еңбек өтілі | Байланыс телефоны |
