«Мен және менің жұмыс орным» онлайн- бейнероликтер конкурсын өткізу туралы ЕРЕЖЕ

«Мен және менің жұмыс орным»

онлайн- бейнероликтер конкурсын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

  1. Жалпы ережесі
  2. Осы ереже «Мен және менің жұмыс орным» онлайн-конкурсын өткізу тәртібі мен шарттарын белгілейді (бұдан әрі-Конкурс).
  3. Конкурс ұйымдастырушысы – «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ (бұдан әрі — Кәсіподақ).
  4. Конкурс туралы барлық ақпараттар, соның ішінде осы ереже Кәсіподақтың ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі аккаунттарында орналастырылады

 

  1. Конкурстың мақсаты, міндеттері, қатысушылары

 

  1. Конкурс педагогикалық емес лауазымдарды атқаратын кәсіподақ мүшелері-қызметкерлерді кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруда қолдау; еңбексүйгіштік пен кәсібилік идеясын ілгерілету мақсатында жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде өткізіледі.
  2. Конкурс міндеттері:

—  әкімшіліктертің, кәсіподақ комитетінің, қызметкерлердің санитарлық – гигиеналық, өрт қауіпсіздігі және басқа да талаптарға сай заманауи жұмыс орындарын құру үшін ынтасын арттыру.

— оң тәжірибені қолдау және тарату мақсатында үздік жұмыс орындарын анықтау

— жұмыскерлердің жұмыс орындарын құруда әлеуметтік әріптестік принциптерін дамыту

  1. Конкурсқа қатысушылар-педагогикалық емес лауазымдарды атқаратын кәсіподақ мүшелері.

 

  1. Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі
  2. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін Кәсіподақ ұйымдастыру комитетін құрады, оған жалпы басшылық функциялары, конкурсты өткізу шарттары мен тәртібінің сақталуын бақылау, жеңімпаздарды айқындау, сондай-ақ Конкурсқа байланысты басқа да функциялар жүктеледі.
  3. Конкурсқа қатысу үшін 2025 жылғы 1 сәуір мен 10 қыркүйек аралығында электрондық поштаға қажет lprofedu@mail.ru «бейнероликтер конкурсы» деген белгімен Конкурс тақырыбы бойынша өтінім (нысан қоса беріліп отыр) және конкурстық жұмыс (бейнеролик) жіберілу қажет.
  4. Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсыныла алады.
  5. Бейнероликтің максималды ұзақтығы – 90 секундқа дейін
  6. Конкурсқа жарнамалық сипаттағы, басқа адамдардың қадір-қасиеті мен сезімін қорлайтын, жарияланған тақырыпқа сәйкес келмейтін, авторлық құқықты бұзатын жұмыстар қабылданбайды.
  7. Конкурсқа қатысатын жұмыстың авторлық құқығының сақталуына осы жұмысты жіберген автор жауапты болады.
  8. Конкурсқа материалдарды ұсына отырып, авторлар конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық материалдарды коммерциялық емес мақсаттарда (Интернетте, баспа басылымдарында және т.б. орналастыру) жарамдылық мерзімін шектемей пайдалану құқығын автоматты түрде береді.

 

  1. Конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері

− жұмыстың осы ереженің шарттары мен талаптарына сәйкес келуі;

− жұмыстың мазмұндылығы (жұмыстың құрылымы, логикасы және толықтығы);

− жұмыс сапасы (көркем және техникалық тұрғыдан)

− ойдың сонылығы және шығармашылық ыңғайы

− конкурстық жұмыстың эстетикасы;

− жалпы эмоционалдық қабылдауы

 

  1. Қорытындылау
  2. Ұйымдастыру комитеті 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі мерзімде мәлімделген критерийлер негізінде сараптамалық бағалау жүргізеді және конкурс жеңімпаздарын (I, II, III жүлделі орындар), сондай-ақ «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясының лауреатын айқындайды.
  3. «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясының лауреаты абоненттердің дауыс беруі арқылы анықталады.
  4. Байқау қорытындысы 2025 жылдың 10 қазанына дейінгі мерзімде жарияланады. 5. Байқау жеңімпаздары (I, II, III жүлделі орындар) және «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясының лауреаты кәсіподақ грамоталарымен және сыйлықтармен марапатталады.

 

  «Мен және менің жұмыс орным» онлайын-бейнероликтер конкурсын өткізу туралы ережесіне қосымша

 

 «Мен және менің жұмыс орным» онлайн-бейнероликтер конкурсына қатысуға өтінім

 

р/р Қатыскшының аты-жөні Бастауыш кәсіподақ ұйымының атауы, лауазымы, жалпы еңбек өтілі және аталған ұйымдағы еңбек өтілі Байланыс телефоны