|
«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ алқа қаулысымен бекітілген 04.12.2024 ж. № 6 хаттама
|
«Менің бастауыш ұйымым» онлайн-бейне
конкурс -визиткасын өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережесі
- Осы ереже «Менің бастауыш ұйымым» онлайн-бейне конкурс-визиткасын өткізу (бұдан әрі – Конкурс) тәртібі мен шарттарын белгілейді.
- Байқауды ұйымдастырушы – «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ (бұдан әрі – Кәсіподақ).
- Конкурс туралы барлық ақпарат, соның ішінде осы ереже, Кәсіподақтың ресми сайтында және әлеуметтік желілер аккаунттарында ораналастырылады.
- Конурстың мақсаты, міндеттері және қатысушылары
- Конкурс кәсіподақ мүшелігінің назарын аудару және ынталандыру мақсатында өткізіледі.
- Конкурс міндеттері:
— кәсіподақ қозғалысын насихаттау, қолдау және дәріптеу;
— кәсіподақ мүшелерінің шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін-өзі жетілдіру үшін жағдай жасау
- Конкурсқа жеке авторлар да, авторлық ұжымдар да қатыса алады.
- Конкурсты өткізу шарты мен тәртібі
- Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін Кәсіподақ ұйымдастыру комитетін құрады, оған жалпы басшылық функциялары, байқауды өткізу шарттары мен тәртібінің сақталуын бақылау, жеңімпаздарды айқындау, сондай-ақ Конкурсқа байланысты басқа да функциялар жүктеледі.
- Конкурсқа қатысу үшін 2025 жылғы 1 сәуір мен 01 қыркүйек аралығында электрондық поштаға қажет lprofedu@mail.ru «бейнероликтер конкурсы» деген белгімен Конкурс тақырыбы бойынша өтінім (нысан қоса беріліп отыр) және конкурстық жұмыс (бейнеролик) жіберілу қажет.
- Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсыныла алады.
- Бейнероликтің максималды ұзақтығы – 90 секундқа дейін
- Конкурсқа жарнамалық сипаттағы, басқа адамдардың қадір-қасиеті мен сезімін қорлайтын, жарияланған тақырыпқа сәйкес келмейтін, авторлық құқықты бұзатын жұмыстар қабылданбайды.
- Конкурсқа қатысатын жұмыстың авторлық құқығының сақталуына осы жұмысты жіберген автор жауапты болады.
- Конкурсқа материалдарды ұсына отырып, авторлар конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық материалдарды коммерциялық емес мақсаттарда (Интернетте, баспа басылымдарында және т.б. орналастыру) жарамдылық мерзімін шектемей пайдалану құқығын автоматты түрде береді.
- Конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері
− жұмыстың осы ереженің шарттары мен талаптарына сәйкес келуі;
− жұмыстың мазмұндылығы (жұмыстың құрылымы, логикасы және толықтығы);
− жұмыс сапасы (көркем және техникалық тұрғыдан)
− ойдың сонылығы және шығармашылық ыңғайы
− конкурстық жұмыстың эстетикасы;
− жалпы эмоционалдық қабылдауы
- Қорытындылау
- Ұйымдастыру комитеті 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі мерзімде мәлімделген критерийлер негізінде сараптамалық бағалау жүргізеді және конкурс жеңімпаздарын (I, II, III жүлделі орындар), сондай-ақ «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясының лауреатын айқындайды.
- «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясының лауреаты абоненттердің дауыс беруі арқылы анықталады.
- Байқау қорытындысы 2025 жылдың 10 қазанына дейінгі мерзімде жарияланады. 5. Байқау жеңімпаздары (I, II, III жүлделі орындар) және «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясының лауреаты кәсіподақ грамоталарымен және сыйлықтармен марапатталады.
| «Менің бастауыш ұйымым» онлайн-бейне конкурс-визиткасын өткізу туралы ережеге қосымша
|
«Менің бастауыш ұйымым» онлайн-бейне конкурс-визиткасына
қатысуға өтінім
| №р/р | Қатысушының аты-жөні | Бастауыш кәсіподақ ұйымының атауы, лауазымы | Байланыс телефоны |
