«Менің бастауыш ұйымым» онлайн-бейне конкурс-визиткасын өткізу туралы ЕРЕЖЕ

«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің

жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ алқа қаулысымен бекітілген

 04.12.2024 ж. № 6 хаттама

 

 

«Менің бастауыш ұйымым» онлайн-бейне

конкурс -визиткасын өткізу туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережесі
  2. Осы ереже «Менің бастауыш ұйымым» онлайн-бейне конкурс-визиткасын өткізу (бұдан әрі – Конкурс) тәртібі мен шарттарын белгілейді.
  3. Байқауды ұйымдастырушы – «Қостанай облысы  білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ (бұдан әрі – Кәсіподақ).
  4. Конкурс туралы барлық ақпарат, соның ішінде осы ереже, Кәсіподақтың ресми сайтында және әлеуметтік желілер аккаунттарында ораналастырылады.

 

  1. Конурстың мақсаты, міндеттері және қатысушылары

 

  1. Конкурс кәсіподақ мүшелігінің назарын аудару және ынталандыру мақсатында өткізіледі.
  2. Конкурс міндеттері:

— кәсіподақ қозғалысын насихаттау, қолдау және дәріптеу;

— кәсіподақ мүшелерінің шығармашылық әлеуетін дамыту және өзін-өзі жетілдіру үшін жағдай жасау

  1. Конкурсқа жеке авторлар да, авторлық ұжымдар да қатыса алады.

 

  1. Конкурсты өткізу шарты мен тәртібі
  2. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін Кәсіподақ ұйымдастыру комитетін құрады, оған жалпы басшылық функциялары, байқауды өткізу шарттары мен тәртібінің сақталуын бақылау, жеңімпаздарды айқындау, сондай-ақ Конкурсқа байланысты басқа да функциялар жүктеледі.
  3. Конкурсқа қатысу үшін 2025 жылғы 1 сәуір мен 01 қыркүйек аралығында электрондық поштаға қажет lprofedu@mail.ru «бейнероликтер конкурсы» деген белгімен Конкурс тақырыбы бойынша өтінім (нысан қоса беріліп отыр) және конкурстық жұмыс (бейнеролик) жіберілу қажет.
  4. Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсыныла алады.
  5. Бейнероликтің максималды ұзақтығы – 90 секундқа дейін
  6. Конкурсқа жарнамалық сипаттағы, басқа адамдардың қадір-қасиеті мен сезімін қорлайтын, жарияланған тақырыпқа сәйкес келмейтін, авторлық құқықты бұзатын жұмыстар қабылданбайды.
  7. Конкурсқа қатысатын жұмыстың авторлық құқығының сақталуына осы жұмысты жіберген автор жауапты болады.
  8. Конкурсқа материалдарды ұсына отырып, авторлар конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық материалдарды коммерциялық емес мақсаттарда (Интернетте, баспа басылымдарында және т.б. орналастыру) жарамдылық мерзімін шектемей пайдалану құқығын автоматты түрде береді.

 

  1. Конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері

− жұмыстың осы ереженің шарттары мен талаптарына сәйкес келуі;

− жұмыстың мазмұндылығы (жұмыстың құрылымы, логикасы және толықтығы);

− жұмыс сапасы (көркем және техникалық тұрғыдан)

− ойдың сонылығы және шығармашылық ыңғайы

− конкурстық жұмыстың эстетикасы;

− жалпы эмоционалдық қабылдауы

 

  1. Қорытындылау
  2. Ұйымдастыру комитеті 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі мерзімде мәлімделген критерийлер негізінде сараптамалық бағалау жүргізеді және конкурс жеңімпаздарын (I, II, III жүлделі орындар), сондай-ақ «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясының лауреатын айқындайды.
  3. «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясының лауреаты абоненттердің дауыс беруі арқылы анықталады.
  4. Байқау қорытындысы 2025 жылдың 10 қазанына дейінгі мерзімде жарияланады. 5. Байқау жеңімпаздары (I, II, III жүлделі орындар) және «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясының лауреаты кәсіподақ грамоталарымен және сыйлықтармен марапатталады.

 

   «Менің бастауыш ұйымым» онлайн-бейне конкурс-визиткасын өткізу туралы ережеге қосымша

 

 

«Менің бастауыш ұйымым» онлайн-бейне конкурс-визиткасына

қатысуға өтінім

 

р/р Қатысушының аты-жөні Бастауыш кәсіподақ ұйымының атауы, лауазымы Байланыс телефоны