«Менің тамаша кереметім» облыстық кәсіподақ фотоконкурсы – қорытындылар

Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған «Менің тамаша кереметім» облыстық фотоконкурсының атауы өзін танытқандай: біздің кәсіподақ мүшелерінің балалары басты назарда.

Қатысушылардың белсендігі қуантты: облыстың 12 өңірінен 100-ден артық конкурстық жұмыс ұсынылды.

Қазылар алқасына, әрине, өте қиын болды: әр туынды жоғары бағаға лайықты. Бірақ бұл конкурс  болғандықтан, әр номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.

Үздік жұмыс авторлары кәсіподақ грамотасымен және 30 мың теңге мөлшерде сыйақымен марапатталады.

Фотоконкурс жеңімпаздарын құттықтаймын, шығармашылық табыс, қызықты өмірлік оқиғалар мен керемет фотосуреттер тілейміз!