Әсіресе, осы Наурыздың шуақты жарқын мерекесі күндері аға буын-ардагерлерді  құттықтайды.

Мәселен, Әулиекөл ауылшаруашылық колледжі ауданның соғыс ардагерлерін құттықтады, олардың қатарында Алдаберген Каскинде бар.

Айта кетер болсақ, құрметті Алдаберген Каскин 13 сәуірде мерейтойын атап өтеді – ол 95 жасқа толады!

Майдангер ерлігі мен батылдығы үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен, Қызыл Жұлдыз орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.

Ол лайықты ұрпақ тәрбиелеп өсірді: 11 бала, 25 немере, шөбере – отбасылық және ұлттық салт-дәстүрдің нағыз сақшысы!

Наурыз мейрамы құтты болсын, құрметті ардагерлер, Сіздерге зор денсаулық және ұзақ жылдар бойы бақытты өмір сүруді тілейміз!!!