Қымбатты ханымдар!
Сіздерді көктемнің алғашқы шуағымен бірге келетін және бізге керемет көңіл-күй сыйлайтын жылы мереке -Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын.
Біз, ер адамдар, оны қуанышпен және толқумен күтеміз, осы керемет мерекеге алдын-ала дайындаламыз. Бүгінгі таңда әр отбасында, әр үйде, ұйымда аналар, қыз-келіншектер, әпкелер, әжелер, әріптестердің жүздеріне күлкі, ал көздерінде қуаныш нұрын сыйлайтын жылы сөздер мен нәзік тілектер айтылады.
Сіздер, қымбатты ханымдар, біздің өмірімізге сұлулық пен жақсылық, рухани жомарттық пен оптимизм әкелесіздер. Әлемге ең күшті сезім – ана махаббатын сыйлайсыздар, балалардың лайықты адам болып өсуі үшін бәрін жасайсыздар.
Сіздер кейде өте қиын міндеттерді шешу жауапкершілігін өз мойындарыңызға аласыздар, әртүрлі салаларда әсерлі нәтижелерге қол жеткізесіздер. Сіздің еңбекқорлығыңыздың, жоғары кәсібилігіңіздің және күнделікті даналығыңыздың арқасында оқу орындарында жайлы орта құрылады, ал балалар сапалы білім алады. Сіздердің әрқайсыларыңызға: педагогтар мен кітапханашыларға, бухгалтерлер мен медицина қызметкерлеріне, аспаздар мен зертханашыларға, вахтерлер мен үй-жайларды тазалаушыларға, кір жуғыш машиналардың операторларына және басқа да қызметкерлерге үлкен алғыс айтамыз.
Біздің кәсіподақ бірлестігі өз тарапынан әйелдерді қолдауға, оның ішінде облыстық білім басқармасы мен Жергілікті кәсіподақ арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің нормалары арқылы барынша күш салады. Бұл жұмыс бізбен жалғастырылып отырады.
Аяулы ханымдар!
Осы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, бақытты сәттеріңіздің барынша көп болуын және арман-тілектеріңіздің орындалуын тілеймін!
Әр күн тек жақсы жаңалықтар әкеліп, қуанышты күндер көп болсын демекпін.
Үйлеріңізде әрқашан құт-береке мен ынтымақ болсын! Сүйікті және бақытты болыңыздар!
Мереке құтты болсын!
Құрметпен,
«Қостанай облысы білім және ғылым
ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті
кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы В. Цымбалюк