Начало учебного года 2022-2023 г.

Ы. Алтынсарин ат. Ұлттық білім академиясының Ғылыми-әдістемелік  кеңесінің «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» 2022 жылғы 21 шілдедегі № 8 хаттамасы. Жергілікті кәсіподақ құқықтық жалпы білім беру аясында мыналарға назар аударуларыңызды сұрайды:

  1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті жаңа стандарттары бекітілді (бұдан әрі – МЖМБС);
  2. 2022-2023 оқу жылынан бастап оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 35 оқу аптасын, 2-11 (12) сыныптарда – 36 оқу аптасын құрайды;
  3. МЖМБС сәйкес сыныпты екі топқа бөлу сыныптарда 24 және одан да көп білім алушылар болған кезде жүзеге асырылады:

1) қазақ тілінде оқытпайтын сыныптардағы қазақ тілі (1-11 сыныптар);

2) 1-11 сыныптарда шет тілі;

3) цифрлық сауаттылық, информатика  (2-11-сыныптар)

Назар аударамыз:

  • Өткен оқу жылында ауылдық жерлердегі сыныптарда 20 және одан артық адам болған жағдайда шағын топтарға бөлінді.
  • Көркем еңбек бойынша сынып бөлінген жоқ

 

  1. Сонымен қатар қолданыстағы «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2021-2023 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы келісімінің  (бұдан әрі-Келісім)  2.14. тармағына сәйкес қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақты мектептерде «Көркем еңбек» пәні бойынша сабақ өткізген кезде оқушылардың санына қарамастан сыныпты топтарға бөлуге рұқсат етіледі деген  тармағына ерекше назар аударамыз. Келісімінің осы тармағын іске асыру бойынша шаралар қабылдауларыңызды сұраймыз.
  2. 1-4 сыныптарда оқу жоспарының вариативті компонентінің сағаттарын «Математика» пәнін оқуға, сондай-ақ шахмат бойынша бөлу ұсынылады;
  3. Білім беру ұйымдарының әкімшіліктері үшін мектепішілік бақылау нормативтері өзгертілді:

– БЖБ және ТЖБ  өткізілуін тексермейді;

– педаготың кәсіби өсуі мен дамуы үшін нақты әдістемелік көмек көрсету мақсатында  жоспардан тыс сабақтарға баруға рұқсат етіледі;

– білім беру ұйымы әкімшілігінің бару нәтижелері бақылау парақтарында жазылады;

– бақылау сабақтарының нәтижелері пәндік әдістемелік бірлестіктердің отырыстарында, әдістемелік кеңестерде жүйелі түрде тыңдалып отыруы керек.

  1. Күнтізбелік жыл мерзімімен жұмысқа қабылдау үшін конкурстық комиссия құрылады. Конкурсқа ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген, www.enbek.kz интернет-ресурсында тіркелген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және  конкурсқа қажетті барлық құжаттарды ұсынған педагогтар  қатысады.

Конкурс оқу жүктемесі аптасына 16 және одан да көп сағатты құрайтын бос және (немесе) уақытша бос педагог лауазымына орналасуға өткізіледі.

Назар аударыңыздар, егер бос жүктеме 16 сағаттан кем болса конкурс өткізілмейді.             Педагогтер арасында бір пән бойынша бос 16 сағатты бөлуге жол берілмейді. Қажет болған жағдайда  педагог- қоса атқарушы оқу жылының басына (16 сағат) бос лауазымға қабылданады.8. Тарифтеуді құрастыру кезінде әрбір педагогтың оқу жүктемесін алдын ала анықтау ұсынылады, бұл ретте сабақтарда пәндерді оқытудың  сабақтастығын сақтай отырып, оқыту сапасын ескере отырып жеке әңгімелесу (директордың орынбасары, әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері);9. «Дене шынықтыру» міндетті оқу пәні ретінде оқытылады;10. «Дене шынықтыру» пәні топтарға бөлінбей оқытылады, апталық жүктеме әр параллельде  1 сағатқа азаяды, ал вариативтік компонентке спорттық ойындарға арналған сағаттар қосылады.

19.1. кесте. 1-4 сыныптарда «Дене шынықтыру» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі

Сынып Оқу пәнінің атауы Жалпы жүктеме, сағат
Үлгілік оқу жоспары Үлгілік оқу жоспары

(төмендетілген оқу жүктемесімен)

Апталық Жылдық Апталық Жылдық
Инварианттық компонент
1 Дене шынықтыру 3 105 2 70
2 Дене шынықтыру 3 108 2 72
3 Дене шынықтыру 3 108 2 72
4 Дене шынықтыру 3 108 2 72
Вариативтік компонент
Дене шынықтыру: спорттық ойындар 4 144

 

19.2. кестесі. 5-9 сыныптарда «Дене шынықтыру» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі

 

Сынып Оқу пәнінің атауы Жалпы жүктеме, сағат
Үлгілік оқу жоспары

6-8 қосымша

Үлгілік оқу жоспары

(төмендетілген оқу жүктемесімен) 16-20 қосымша

Апталық Жылдық Апталық Жылдық
Инварианттық компонент
5 Дене шынықтыру 3 108 2 72
6 Дене шынықтыру 3 108 2 72
7 Дене шынықтыру 3 108 2 72
8 Дене шынықтыру 3 108 2 72
9 Дене шынықтыру 3 108 2 72
Вариативтік компонент
Дене шынықтыру: спорттық ойындар 5 180

 

19.3. кесте. 10-11 сыныптарда «Дене шынықтыру» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі

Сынып Оқу пәнінің атауы Жалпы жүктеме, сағат
Үлгілік оқу жоспары Үлгілік оқу жоспары

(төмендетілген оқу жүктемесімен)

Апталық Жылдық Апталық Жылдық
қоғамдық-гуманитарлық бағыт және жаратылыстану-математикалық бағыт
Инварианттық компонент
10 Дене шынықтыру 3 108 2 72
11 Дене шынықтыру 3 108 2 72
Вариативтік компонент
Дене шынықтыру: спорттық ойындар 2 72

 

  1. Вариативтік компонентті нақты білім беру ұйымы, материалдық базасы мен өңірдің орналасу ерекшеліктерін, білім алушының қызығушылықтарын және оқытушылар ұжымының мүмкіндіктерін ескере отырып дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді.
  2. «Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген әдістемелік ұсынымдар академия сайтына орналастырылған (www.nao.kz).

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (Қазақстан Республикасы Білім министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы бұйрығымен бекітілген) өзгерістер оқыту сағаттарының қысқаруына алып келеді, осы себепті мұғалімдердің қысқаруына байланысты еңбек шарты бұзылуы мүмкін.

Штатты қысқарту кезінде еңбек шартын бұзу Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) 52-бабының 1-тармағының 2)  тармақшасына сәйкес жүзеге асырылатынын естеріңізге саламыз. Бұл жағдайда:

1.            Егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабардар етудің неғұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс беруші еңбек шартын бұзу кезінде еңбек шартын бұзу туралы жұмыскерді кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар етуге міндетті (ҚР ЕК 53 б. 1 т).  2.             Жұмыскермен еңбек шартын бұзу бастауыш кәсіподақ ұйымы комитетінің дәлелді пікірін ескере отырып жүргізіледі  («Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ  мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2021-2023 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы келісімінің  1.22 т. (бұдан әрі -Келісім)).

  1. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңындабелгіленген зейнеткерлік жасқа толуына екі жылдан аз қалған жұмыскерлермен еңбек шартын жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің тең санынан құрылған комиссиясының оң шешімінсіз бұзуға жол берілмейді (ҚР ЕК 53 б. 1т ).
  2. Жұмыс орындарын (лауазымдар) қысқарту қажеттілігі болғанда ең алдымен төмендете көрсетілген ретке сәйкес шараларды қабылдайды:
  • бос орындарды жою, қызметтерді қоса атқаратындарды жұмыстан босату;
  • босауға ұшырайтын қызметкерлерді, олардың біліктілігіне қарай, бос орындарға ауыстыру жүргізу (Келісімнің 4.2.4 т.).
  1. Жұмыскердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі және демалыста жүрген кезеңінде жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға жол берілмейді (ҚР ЕК 54 б,1 т.).
  2. Жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзуға жол берілмейді (ҚР ЕК 54 б. 2 т.):

– Жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүктi әйелдермен,

– үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдермен,

– он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы) тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен

7). Штат немесе сандық қысқарту болатын жағдайда қызметкерлердің төмендегі санаттары жұмыста қалуға алғашқы кезектегі талассыз құқыққа ие болады (Келісімінің 4.2.1 т):

  • зейнеталдындағы жастағы қызметкерлер (зейнетке үш жыл қалған болса);
  • осы мекемеде 10 және одан да артық жыл еңбек еткендер;
  • көп балалы (төрт және оданда көп) ата-аналар;
  • жоғары сапалы еңбек көрсеткіштері бар қызметкерлер.

 

8). Осы бап бойынша жұмыстан босатылуы туралы  хабарлама алған қызметкерге, өз бетінше жаңа жұмыс іздеу үшін, жұмыстан бос уақытта, аптасына 5 сағаттан кем болмайтын жалақысы сақталатын уақыт беріледі (Келісімнің 4.1.2 т.).

 

9). Жұмыс беруші бір айдағы орташа жалақы мөлшерінде жұмысынан айырылуына байланысты өтемақы төлемдерін жүргізеді (ҚР ЕК 131 б. 1 т.).