Құрметті Қостанай облысы білім саласының қызметкерлері!

 Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл көктем мен жаңару, үміт пен мейірімділік мерекесі бізге ежелден ата-бабаларымыздың  бейбітшілік пен келісімде, өзімізбен және туған жерімізбен үйлесімділікте өмір сүру, үлкенге құрмет және қонақжайлылық, кешіру және жақсылық жасаудың қаншалықты маңызды екенін үйрететін салт-дәстүрлерімен келген.

Ұрпақтың даналығы: «Қайыр бар жерде ырыс бар» деп текке айтпаған.

Наурыз мейрамы – шын мәнінде бүкіл халықтық, ең жарқын әрі сүйікті мейрамы.

Жаңа жылдың басында өткенді қайта ой елегінен өткізіп, болашақты жоспарлау әдетке айналды.

Айта кету керек, біздің кәсіподақ бірлестігінің даму стратегиясы бүгінгі күннің мақсаттарына сәйкес жаңартылуда.

Кәсіподақтың мұқтаж мүшелеріне, оның ішінде Қайырымдылық және әлеуметтік көмек қоры арқылы атаулы қолдау көрсету бойынша жұмыс жүргізілуде.

Шипажайлық-курорттық емделу тиімді ұйымдастырылған. Көктемгі демалыс күндері жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын 20 қызметкер Алматы және Жамбыл облыстарының сауықтыру орталықтарында, 80-ге жуығы облыс санаторийларында өз денсаулығын жақсартады.

Жастарды қолдау мақсатында кәсіподақ акциялары басталып, еңбек ардагерлерімен өзара әрекеттестігі күшейе түсті. Бұл өте маңызды және қажетті жұмыс: өйткені ұрпақ байланысы мен сабақтастығы одан әрі дамудың сенімді негізі болып табылады.

 Құрметті әріптестер!

Осы мереке күні Сіздерге зор денсаулық ұзақ өмір тілеймін!

Көктем мерекесінің шуағы Сіздерге қуаныш пен амандық, тұрақтылық пен сәттілік, келісім мен өзара түсіністік сыйласын!

Сіздердің дастархандарыңыз тек қуанышты оқиғаларға ғана жайылып, мерекелі берекелі болсын! Сіздерге бақ-береке, бейбітшілік пен жақсылық тілеймін!

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Құрметпен,

 «Қостанай облысы білім және ғылым

ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті

кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы

Василий Цымбалюк.