Облыстық олимпиада қатысушыларына бейнеқұттықтау

Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы В. А. Цымбалюктің Жалпы білім беретін пәндері бойынша оқушылардың облыстық олимпиадасының қатысушыларына, жүлдегерлеріне, жеңімпаздарына және олардың педагог-тәлімгерлеріне бейнеқұттықтауы

Айта кету керек, үш және одан да көп жүлдегер дайындаған педагогтерге Қостанай облысының білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының грамотасы мен сыйлығы табысталды.

Бұл, шынымен де, ұлы ұстаздар, нағыз шеберлер, олардың есімдері жарнаманы қажет етпейді, олар біздің өңірімізде ғана емес, еліміздің сыртында да танымал.

Жеңіс Кенжекей – Дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-Инновация» лицей-интернатының химия пәні мұғалімі  (7 жүлдегер).

Ахметов Султан – Дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-Инновация» лицей-интернатының химия пәні мұғалімі  (4 жүлдегер).

Жуманиязов Махмуд – Дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-Инновация» лицей-интернатының информатика пәні мұғалімі  (4 жүлдегер).

Кириченко Ирина Георгиевна –Қостанай қ. №1 МЛ биология пәні мұғалімі (3 жүлдегер).

Калинина Татьяна Юрьевна – Қостанай қ. №23 ОМ география пәні мұғалімі (3 жүлдегер).

Филинкова Любовь Семеновна – М. Горький ат. гимназияның неміс тілі мұғалімі (3 жүлдегері)

Шипова Светлана Валентиновна – М. Горький ат. гимназияның француз тілі мұғалімі (3 жүлдегері)

Сіздерге одан әрі биік жеңістер мен жетістіктер тілейміз!