Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы
(Кәсіподақ мүшелеріне арналған буклет)
«Жұмыскер (қоймашы, кастелянша) өзінің жалақысы туралы нені білу керек»
Жалақы | Қоймашы, кастеляншаның лауазымдық жалақысы, оның құрамдас бөліктері неге байланысты | Жалақыны есептеу | Жалақыны төлеу мерзімдері, жұмыскерге жалақының құрамдас бөліктері туралы хабарлау |
1. Жалақы-бұл еңбек үшін төленетін сыйақы;
2. Жалақы нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.
|
1. Қоймашы, кастеляншаның жалақысы білімге де еңбек өтіліне де байланысты емес.
2. Қоймашы, кастеляншаның тарифтік ставкасы ҚР Үкіметінің №1193 қаулысының № 3 қосымшасында айқындаған екінші разрядқа сәйкес; 3. Қоймашы, кастеляншаның жалақысы бірнеше бөліктен тұрады, атап айтқанда тарифтік ставкадан, сондай-ақ қосымша ақылар мен үстемеақылардан (ерекше еңбек жағдайлары үшін; үстемеақы).
|
1. Қоймашы, кастеляншаның бір айдағы жалақысы коэффицентті базалық лауазымдық ақыға (БЛА=17697 теңге) көбейту және 1,71 (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап) арттыру коэффицентіне көбейту жолымен есептеледі және:
1) ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы-тарифтік ставканың 10 %; 2) ерекше білім берілу қажеттілігі бар балалары бар ұйымдарда – БЛА-дан 40 % мөлшерде қосымша ақы; 4) жетім балаларға арналған ұйымдарда — БЛА-дан 30 % мөлшерде қосымша ақы.
|
1. Жалақы келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді.
2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.
|
Жалақыдан ұстаулар | Лауазымдарды қоса атқару
Қоса атқарылатын жұмыс |
Қызмет көрсету аймағын кеңейту | Қоймашы, кастеляншаның жұмыс уақыты және демалыс күндері |
1. Жұмыскерлердің келісімінсіз – зейнетақы жарналары, МӘМС жарналары және табыс салығы ұсталады;
2. Кәсіподақ жарналары жұмыскерлердің өтініші бойынша ұсталады. 3. Шамадан тыс есептелген жалақы кезінде ұстап қалулар жұмыскердің келісімімен (өтініш бойынша) жүргізіледі; 4. Жұмыс берушінің актісі негізінде жұмыскерді хабардар ете отырып (яғни қызметкердің келісімінсіз) жұмыскердің жалақысынан ұстап қалуға болатын жағдай: — іссапарға байланысты, жұмсалмаған ақшалай сомасы; 5. Қалған жағдайларда (соның ішінде жұмыскер жалақысынан ұстап қалуларға қарсылық білдіргенде)- жалақыдан ұстап қалулар сот шешімі бойынша жүргізіледі. |
1. ҚР Еңбек кодексің 111 бабына сәйкес қоймашы, кастелянша қосымша төлем бойынша лауазымдарды қоса атқару жолымен қосымша жұмысты орындай алады.
Жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – лауазымдарды қоса атқару; Қосымша жұмыс негізгі лауазым бойынша жұмыс уақыты ішінде орындалады. Мысалы: негізгі жұмыс бойынша лауазымы – қоймашы, кастелянша, қосымша (қоса атқарушы) лауазымы – тігінші. Лауазымды қоса атқарғаны үшін қосымша ақы тарифтік ставкадан 50%-ға дейінгі мөлшерінде жүргізіледі. 2. Қоймашы, кастелянша, сондай-ақ негізгі жұмыстан бос уақытында еңбек шартын жасасумен қоса атқарылатын жұмысты істей алады
|
ҚР Еңбек кодексің 111 бабына сәйкес қоймашы, кастелянша қосымша төлем бойынша қызмет көрсету аймағының кеңейту жолымен қосымша жұмысты орындай алады.
Қызмет көрсету аймағын кеңейту — жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар жұмыс күнінің (ауысымның) белгіленген ұзақтығы ішінде сондай бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы; Мысалы: негізгі жұмыс бойынша лауазымы – қоймашы, кастелянша, қосымша лауазымы – қоймашы, кастелянша. Қызмет көрсету аймағын кеңейтілгені үшін қосымша ақы тарифтік ставкадан 50%-ға дейінгі мөлшерінде жүргізіледі. |
1. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімге сәйкес жергілікті кәсіподақ мүшелері-қоймашы, кастелянша үшін апталық жұмыс уақыты-аптасына 36 сағатты құрайды;
2. Негізгі еңбек демалысы күндерінің саны-30 күнтізбелік күн; 3. Жергілікті кәсіподақ мүшелері үшін қосымша ақылы еңбек демалысы күндерінің саны-3 күнтізбелік күн, егер қызметкер оқу жылы ішінде бір рет те еңбекке жарамсыздық парағы болмаса; 5. Келісімге сәйкес демалыстың басқа түрлері. |