Қоса атқарылатын жұмыс және лауазымдарды қоса атқару

Жұмыскерлердің еңбек құқығымен қамтамасыз ету: еңбек жағдайының өзгеруі, қоса атқарылатын жұмыс, лауазымдарды

қоса атқару.

ҚР Еңбек кодексінің  (ҚРЕК) 153 бабына сәйкес  Келісімнің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда жұмыскердің жағдайын нашарлататын ережелері жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиіс. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ  мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ  арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімімен ҚР ЕК-мен салыстырғанда қызметкерлер үшін жоғарылатылған міндеттемелер мен кепілдіктер қабылданды.

 

Сұрақтар ҚР Еңбек кодексімен сәкес «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ  мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімге сәйкес

 

Еңбек жағдайлары өзгерген кезінде еңбек құқығымен қамтамасыз ету
Қандай жағдайларда еңбек жағдайларын өзгертуге жол беріледі? ҚР ЕК 46 б. негізінде еңбек жағдайларын өзгертуге жол беріледі:  қайта ұйымдастыру немесе экономикалық, технологиялық жағдайларды өзгерту, жұмыс берушідегі жұмыс көлемін қысқарту  

Шарттың 2.13-тармағына сәйкес жұмыс берушінің бастамасы бойынша педагог қызметкерлердің маңызды еңбек жағдайларын өзгертуге, әдетте, ұйымдық немесе технологиялық еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты тек жаңа оқу жылына ғана рұқсат етіледі. (сыныптардың, жиынтықтардың, топтардың немесе білім алушылардың (оқушылар) санының, оқу жоспары бойынша жұмыс істеу сағаттарының өзгеруі, эксперимент жүргізудің, ұйымның ауысымдық жұмысының өзгеруі, сондай-ақ оқу бағдарламаларының өзгеруі және т.б.)  Оқу жылы ішінде еңбек шартының маңызды талаптарын өзгертуге тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша ерекше жағдайларда ғана жол беріледі.

 

Егер оның мамандығы жаңа лауазымда талап етілетін біліктілікке сәйкес келмесе, қызметкер еңбек жағдайларын өзгерте ала ма?

 

Жұмыскер өз мамандығына немесе кәсібіне, тиісті біліктілігіне сәйкес жұмысын жалғастырған кезде, еңбек жағдайларын өзгертуге жол беріледі (46 б. 1 т.).

 

 

 

Жұмыскер жұмысын еңбек функциясын өзгертпей жалғастырған кезде еңбек жағдайларын өзгертуге жол беріледі (белгілі бір мамандық, біліктілік және лауазым  бойынша жұмыс)- 2.13 т.

Еңбек жағдайлары өзгерген кезде еңбек шартына тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіле ме?

 

Еңбек жағдайлары өзгерген кезде еңбек шартына тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі (46 б. 1 т.)

 

 

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес
Жұмыс беруші қызметкерге еңбек жағдайларының өзгеруі туралы хабарлауға міндетті ме?  

Егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабардар етудің неғұрлым ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс беруші жұмыскерді еңбек жағдайларының өзгеруі туралы күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жазбаша түрде хабардар етуге міндетті (46 б. 2 т.).

 

 

 Білім беру ұйымының басшысы еңбек жағдайларының өзгеруі туралы  қызметкерді және бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетін өзгеріс енгізілгенге дейін  бір айдан кешіктірмей жазбаша түрде ескертуге міндетті (2.6 т).

 

Егер қызметкер еңбек жағдайларының өзгеруімен келіспесе? Жұмыскер еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмысты жалғастырудан жазбаша бас тартқан жағдайда не жұмыскердің еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмысты жалғастырудан жазбаша бас тартуды беруден бас тартуын куәландыратын акт болған кезде жұмыскермен еңбек шарты тоқтатылады (46 б. 3 т.).

 

Егер қызметкер жаңа жағдайда ұсынылған жұмыспен келіспесе жұмыс беруші  мекемеде оның біліктілігіне және денсаулық жағдайына сәйкес өзге жұмысты жазбаша түрде ұсынуға, ал ондай жұмыс болмаған жағдайда, қызметкердің өз біліктілігі мен денсаулық жағдайына байланысты атқара алатын – бос тұрған төменгі лауазым немесе төмен ақылы жұмысты ұсынуға міндетті. (2.13 т.)

 

Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты қызметкердің келіспеуіне байланысты еңбек шарты ҚР ЕК-нің қандай бабы бойынша бұзылады? ҚР ЕК 58 б. 2. 1) – «Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмыскер жұмысты жалғастырудан бас тартуы» еңбек шартын бұзуға негіз болып табылады.

 

ҚР еңбек кодексіне келісті
Еңбек құқығына қамтамасыз ету: лауазымды қоса атқару, қоса атқарылатын жұмыс,
Еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес лауазымды қоса атқару, қоса атқарылатын жұмыс  ұғымдарына анықтама беріңіз

 

Жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – лауазымдарды қоса атқару (111 б. 1 т.);

Қоса атқарылатын жұмыс – жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы (1 б. 1 т. 56 т).);

 

 

 

ҚР еңбек кодексіне келісті

 

 

 

 

 

лауазымды қоса атқару, қоса атқарылатын жұмыс лауазымдарына еңбек шарты жасалады ма? Лауазымдарды қоса атқаруғаны үшін қосымша ақы төленеді (111 б. 1т.).

Қосымша ақылардың барлық мөлшері негізгі жұмыс жөніндегі Еңбек шартына енгізіледі (28-бап). Яғни, қосымша ақы төлеу үшін жеке еңбек шарты болуы мүмкін емес.

 

1 бап негізге ала отырып, қоса атқарылатын жұмыс –  қызметкердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында басқа тұрақты, ақы төленетін жұмысты орындауы, яғни жеке еңбек шартын жасасу қажет.

ҚР еңбек кодексіне келісті

 

 

 

ҚР еңбек кодексіне келісті

лауазымды қоса атқару, қоса атқарылатын жұмысы бойынша жұмыс уақыты қалай есепке алынады?  

 

Жұмыс беруші жұмыс уақытының есебін жүргізуге міндетті, сонымен қатар, үстеме жұмыстар уақыты, түнгі уақыттағы, демалыс, мереке күндеріндегі жұмыстар, іссапар күндері бөлек есепке алынады (79 б. 2 т.). Яғни, уақытша лауазымды қоса атқарғаны үшін қосымша ақы есепке алынбайды.

Қоса атқарылатын жұмыс- бұл басқа тұрақты жұмыс болғандықтан, оның уақыты есепке алынады.

 

ҚР еңбек кодексіне келісті
Мұғалім зертханашы лауазымын біріктіріп  қоса атқарады. Мұғалімнің еңбек демалысы 56 күнтізбелік күн, ал зертханашы ретінде- 30 күнтізбелік күн. Ол алдымен демалысты мұғалім, содан кейін зертханашы ретінде қолдана ала ма? Яғни 86 күн? Зертханашы лауазымы біріктіріп қоса атқарылатын жұмыс, оған қосымша ақы көзделген, еңбек заңнамасында қосымша ақы  төленетін лауазымына еңбек демалысы  қарастырылмаған.
 

Мұғалім сол ұйымда аудармашы  қызметін атқарады. Мұғалімнің демалысы 56 күнтізбелік күн, аудармашы-30 күн. Ол алдымен демалысты мұғалім ретінде , содан кейін аудармашы ретінде қолдана ла ма? Яғни 86 күн?

Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы негізгі жұмысы бойынша демалыспен бір мезгілде беріледі.

Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы негізгі жұмыс бойынша демалыстың ұзақтығынан аз болса, жұмыс беруші қоса атқарушы жұмыскердің өтініші бойынша оған демалыстар ұзақтығының айырмасын құрайтын күндерге жалақы сақталмайтын демалыс береді (92 б. 5 т).

 

 

ҚР еңбек кодексіне келісті
Мұғалім зертханашы лауазымын біріктіріп қоса атқарады. Осы лауазым бойынша сауықтыру жәрдемақысы қалай төленеді? Сауықтыруға арналған жәрдемақы лауазымдық ақы мөлшерінде төленеді (139 б. 10 т.), ал лауазымдық ақы мөлшеріне қосымша ақы мен үстема ақылар кірмейді. Яғни, зертханашы лаузымын қоса атқарғаны үшін сауықтыру  жәрдемақысы есептелмейді. ҚР еңбек кодексіне келісті
Мұғалім сол ұйымда аудармашы  қызметін қоса атқарады. Осы лауазым бойынша сауықтыру жәрдемақысы қалай төленеді?

 

Қоса атқарылатын жұмыс – бұл еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындау болғандықтан (1 б.), аудармашы лауазымы бойынша сауықтыру жәрдемақысы лауазымдық ақы мөлшерінде төленеді

 

ҚР еңбек кодексіне келісті