Осы көпжылдық мәселенің оң шешімін табамыз деп үміттенеміз

Ауылдық елді мекенде кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтердің бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау мәселесін тағы да көтерді.
Бұл төлемдер «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының 12-бабының 5.2-тармағында регламенттелген.
Серік Манасбаевтың төрағалығымен онлайн режимде өткен облыстық мәслихаттың жұмыс тобының отырысында біздің өтінішіміз қаралды.
Осы көпжылдық мәселенің оң шешімін табамыз деп үміттенеміз.