Педагог-психолог

Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы

(Кәсіподақ мүшелері үшін буклет)

«Жұмыскер (педагог-психолог) өзінің жалақысы туралы нені білу керек»

 

Жалақы Педагог-психологтың жалақысы, жалақының құрамдас бөліктері неге байланысты Жалақыны есептеу Жалақы төлеу мерзімдері, жалақының құрамдас бөліктері туралы хабарлама
1. Жалақы-бұл еңбек үшін төленетін сыйақы;

2. Жалақы нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.      Педагог-психологтың лауазымдық ақысы

—  біліктілікке

—  еңбек өтіліне байланысты.

Педагог-психологтың жалақысы бірнеше бөліктен тұрады, атап айтқанда лауазымдық жалақыдан, сондай-ақ арттырулар, қосымша ақы мен үстемеақылардан (біліктілік санаты үшін, ерекше еңбек жағдайлары үшін және басқалар).

 

 

 

 

 

 

1.                  Педагог-психологтың бір айдағы жалақысы коэффицентті  базалық лауазымдық ақыға (БЛА=17697 теңге) көбейту және арттыру коэффицентіне  көбейту жолымен есептеледі, қосымша:

1) Біліктілік санат үшін қосымша ақы;

2).Ауылдық жердегі жұмысы үшін арттырылған үстемеақы;

3).Ерекше еңбек жағдайлары үшін үстеме ақылар төлеу;

4). Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмысы үшін қосымша ақы

5) Жетім балалармен жұмысы үшін (жетім балаларға арналған ұйымдарында)

 

 

 

 

 

1. Жалақы келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді;

2. 2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.

 

 

Жалақыдан ұстаулар Лауазымдарды қоса атқарулар Қызмет көрсету аймағын кеңейту

Егер педагог-психолог уақытша болмаған қызметкердің міндетін атқарса

Егер педагог-психолог уақытша болмаған жұмыскердің міндетін атқарса
1. Жұмыскерлердің келісімінсіз – зейнетақы жарналары, МӘМС жарналары және табыс салығы ұсталады;

2. Кәсіподақ жарналары жұмыскерлердің өтініші бойынша ұсталады.

3. Шамадан тыс есептелген жалақы кезінде ұстап қалулар жұмыскердің келісімімен (өтініш бойынша) жүргізіледі;

4. Жұмыс берушінің актісі негізінде жұмыскерді хабардар ете отырып (яғни қызметкердің келісімінсіз) жұмыскердің жалақысынан ұстап қалуға болатын жағдай:

іссапарға байланысты, жұмсалмаған ақшалай сомасы;

5. Қалған жағдайларда (соның ішінде жұмыскер жалақысынан ұстап қалуларға қарсылық білдіргенде)- жалақыдан ұстап қалулар сот шешімі бойынша жүргізіледі.

 ҚР Еңбек кодексің 111 бабына сәйкес педагог-психолог қосымша төлем бойынша лауазымдарды қоса атқару жолымен қосымша жұмысты орындай алады.

Жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – лауазымдарды қоса атқару;

Қосымша жұмыс негізгі лауазым бойынша жұмыс уақыты ішінде орындалады.

Мысалы: негізгі жұмыс бойынша лауазымы – педагог-психолог, қосымша (қоса атқарушы) лауазымы – әлеуметтік педагог. Лауазымды қоса атқарғаны үшін қосымша ақы лауазымдық жалақысының 50%-ға дейінгі мөлшерінде жүргізіледі.

 

ҚР Еңбек кодексің 111 бабына сәйкес үй-жайларды жинаушы қосымша төлем бойынша қызмет көрсету аймағының кеңейту жолымен қосымша жұмысты орындай алады.

Қызмет көрсету аймағын кеңейту — жұмыскердің еңбек шартында көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар жұмыс күнінің белгіленген ұзақтығы ішінде сондай бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы;

Мысалы: негізгі жұмыс бойынша лауазымы – педагог-психолог, қосымша лауазымы – педагог-психолог. Қызмет көрсету аймағын кеңейтілгені үшін қосымша ақы тарифтік ставканың 50%-ға дейінгі мөлшерінде жүргізіледі.

1. Уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін орындалған жұмыстардың нақты көлеміне қарай 100% — ға дейінгі мөлшерде қосымша төлем жүзеге асырылады.