Педагогикалық еңбек ардагері Анна Николаевна Подзюбан 100 жылдық мерейтойын атап өтуде!

Педагогикалық еңбек ардагері Анна Николаевна Подзюбан 100 жылдық мерейтойын атап өтуде!

100 жыл! Бір ғасыр! Бір дәуір!

Біздің елмен бірге ол кісі қаншама қызықты және күптігей оқиғаларды бастан кешті!

Анна Николаевнаның  тағдырды оңай болмаса да, өмірі жолы қызықты болды.

Өзінің еңбек жолын Қостанай қаласындағы №14 мектебінің бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастаған. Ол 1940 жылдың 1 қыркүйегінде оқушылармен алғашқы кездесуін еске алады: «Олар мені гүдермен қарсы алды, үстелдің үсті гүлге толы болды… (күледі). Оқушылар мен ата-аналардың көп болғаны соншалық, мен толқудан есім тана ма деп қорықтым»

Оған, бастамашыл, жігерлі, жас маманға аға пионер вожатый жауапты лауазымы сеніп тапсырылған. Соғыс жылдарында Анна Николаевна балалармен бірге концерттер ұйымдастырды, жараланғандарды күтті, майданға жауынгерлерді қолдау туралы хат жазды.

Соғыстан кейін ол туған жерін тастап, әскери офицер күйеуімен бірге Қиыр Шығысқа барады. 7 жылға жуық гарнизондық өмір. Осы кезеңде өмірлік тірек және қолдау болатын екі тамаша ұлы дүниеге келді.

Ал 1953 жылы Анна Николаевна туған қаласына №14-ші мектепке оралып, 40 жылға жуық жұмыс істеді.

Бүгінде, Анна Николаевна қамқорлық пен сүйіспеншілікте өмір сүруде, оның балалары, немерелері мен шөберелері жанында. Айта кетер жайт, кәзіргі жасына қарамастан, ол белсенді өмір салтын ұстанады. Туған күнінде телефон үнсіз қалмайды: туыстары, жақындары, әріптестері, оқушылары – барлығы Анна Николаевнаның дауысын естіп, оны құттықтағысы келеді.

Бұл деген бақыт емес пе?

Құрметті Анна Николаевна! Қостанай облысының білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің 30 мыңдық ұжымы Сізді осындай тамаша мерейтоймен құттықтайды! Көпжылдық еңбегіңіз, табандылығыңыз бен қайсарлығыңыз үшін Сізге үлкен тағзым! Біз сіздерді мақтан тұтамыз – жеңімпаздардың ұрпағы!

Сізге зор денсаулық және ұзақ өмір тілейміз!  Өмір сізге көптеген қуанышты сәттер сыйласын! Сізді бақыт, сәттілік, жылу, мейірімділік жетелей берсін!

PS: Анна Николаевнаны туған күнімен Білім беру қызметкерлерінің  қалалық кәсіподағы филиалының төрағасы Н. А. Жданова, №14 мектеп директоры Е. К. Аленов, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Р.А.Байсарина,, Қостанай қаласы Білім қызметкерлерінің ардагерлері кеңесінің төрағасы Т.Д.Казачек құттықтайды (фото).