Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылында Білім берудің жергілікті кәсіподақ аппаратымен филиалдар мен бастауыш кәсіподақ қызметінің тиімділігін рейтингтік бағалауы әзірленді және өткізілді, оған кәсіподақ жұмысында жасалған жағдайлар сапасы мен нәтиже сапасы тұрғысынан сипаттайтын 50-ден астам көрсеткіш енгізілді.

Білім берудің бастауыш кәсіподақ ұйымы арасындағы рейтингтік бағалау қорытындысы бойынша:

1 орын және  500 мың теңге мөлшерінде кәсіподақ сыйақысын Әулиекөл ауданы Аманқарағай  «Бөбек» бөбекжай бақшасының БКҰ

2 орын және 300 мың теңге мөлшерінде  сыйақы- Тобыл қаласы № 1 мектебінің БКҰ

3 орын және 200 мың теңге мөлшерінде  сыйақы – Қостанай қ. физика-математикалық лицейінің БКҰ  жеңіп алды

Филиалдардың рейтингтік бағасының көшбасшысы – Қостанай және  Ұзынкөл ауданы.

Филиалдар арасындағы жеңімпаздар кәсіподақ грамоталарымен және Lenovo ноутбуктарымен марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз, алдағы уақытта еңбектеріңізге табыс тілейміз!

Рейтингтік бағалау жыл сайын тұрақты негізде іске асырылатын болады.