«Өрлеу» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ОО бірінші съезді өтті

«Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Бірінші съезі 2023 жылы 8 желтоқсан күні Астана қаласында өтті. Съезд жұмысында съезд делегаттары мен қонақтары, Әбіл Е.А. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Тәжібай Б.А. «Қазақстан Еңбек Конфедерациясы» Бас хатшысының орынбасары, Дощанова А.И. «Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы төрайымы қатысты.

Съезде кәсіподақ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралып, қаулылар қабылданды.

Дощанова Алма Иргибаевна «Өрлеу» Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төрайымы болып сайланды.

Дощанова А.И. – экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, кәсіптік білім беру жүйесінде 40 жылдан астам, басқару жұмысында 20 жылдан астам тәжірибесі бар, оқытушыдан университет ректорына дейін еңбек жолын өтті. Білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін ведомстволық және мемлекеттік наградалармен марапатталған.

Ең белсенді кәсіподақ мүшесі «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Цымбалюк Василий Александрович «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының» төрағасы .

Бекмағамбетова Айжан Сапабекқызы «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы», «Әулиекөл аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағының ұйымы филиалының» төрайымы.

Сізді шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, бақыт және жұмысыңызға табыс тілейміз!