«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2024-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімге қол қойылған күннен бастап бір ай өтті.
Бұл кезең…
🔸аталған құқықтық акт ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде тіркеуден өтті (2024 жыл 16 қаңтар № 316), сәйкесінше өзінің қызмет етуіне барлық заңды өкілеттерге ие;
🔸Бастауыш кәсіподақ төрағалар мен жұмыс берушілерге көмек ретінде 2021-2023 жылдарға арналған келісім мен 2024-2026 жылдарға арналған Келісім ережелерінің негізгі айырмашылықтарының кестесі әзірленді, өйткені 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімге алдыңғы редакциямен салыстырғанда 78 жаңа норма енгізіліп, 44-ке өзгерістер енгізілді;
🔸үш мыңға жуық қатысушыны: филиалдар мен бастауыш кәсіподақтар төрағаларын, әлеуметтік әріптестер – білім беру ұйымдарының басшыларын қамти отырып, Келісімнің негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді;
🔸ақшалай баламаға әкелуі мүмкін Келісімнің жекелеген тармақтарын монетизациялау бойынша жұмыс аяқталуда;
🔸«Ұжымдық шарт жаса!» акциясы іске қосылды және мойындау керек, кәсіподақ бастауыштарындағы ұжымдық шарттар белсенді түрде жасалуда!
және бұл шектеу емес 😊
🔛Біз 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің негізгі ережелерін түсіндіру бойынша бірқатар посттарды бастаймыз.
Жақын арада‼️
Ештеңені жіберіп алмау үшін біздің бетке жазылыңыз‼️
PS: келісімнің толық мәтінімен lprofedu.kz сайтында «Қызмет» бөлімінде танысуға болады.