«Рух пен жүрек ырғағында» шығармашыл жастардың онлайн фестиваль-конкурсын бастаймыз!

⚡️⚡️«Рух пен жүрек ырғағында» шығармашыл жастардың онлайн фестиваль-конкурсын бастаймыз!
Фестиваль -конкурс туралы барлық ақпарат слайдтарда↔️
‼️Маңызды
#Қатысушылар: Жергілікті кәсіподақтың 3️⃣5️⃣жасқа дейінгі мүшелері.
#Конкурстық жұмыс: бейнеролик уақыты 3️⃣ минутқа дейін
▪️көркем оқу;
▫️вокал;
▪️аспаптық шығармаларды орындау;
би;
◽️өзіндік жанр (эстрадалық, миниатюра, пантомима, пародия, фокус, клоунада және т.б.)
🏅Жеңімпаздар көпшілік алдында танылып қана қоймай, сонымен қатар супер жүлдені иеленеді!!!

«Рух пен жүрек ырғағында»

шығармашыл жастардың онлайн фестиваль-конкурсы туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережесі
  2. Осы ереже «Рух пен жүрек ырғағында» шығармашыл жастардың онлайн фестиваль -конкурсының тәртібі мен шартын белгілейді (бұдан әрі-Фестиваль-конкурс).
  3. Фестиваль -конкурсын ұйымдастырушы – «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ (бұдан әрі – Кәсіподақ)
  4. Фестиваль-конкурс туралы барлық ақпарат, осы ереже Кәсіподақтың ресми сайтында және әлеуметтік желілер аккаунтында орналастырылады.

 

  1. Конкурс мақсатттары, міндеттері, қатысушылар
  2. Фестиваль-конкурс шығармашыл белсенді кәсіподақ жастарын анықтау және қолдау мақсатында өткізіледі.
  3. Фестиваль-конкурстың міндеті:

– кәсіподақ жастарының өзін-өзі жүзеге асыру  және шығармашыл әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау;

– Кәсіподақтың бастауыш ұйымдарында шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруының оң тәжірибесін насихаттау және қолдау.

  1. Фестиваль-конкурс қатысушылары -35 жасқа дейінгі кәсіподақ мүшелері (бір адам немесе бес адамнан аспайтын адамдар тобы)
  2. Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі
  3. Фестиваль-конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін кәсіподақпен ұйымдастыру комитеті құрылады, оған жалпы басшылық, фестиваль-конкурсты өткізу шарттары мен тәртібінің сақталуын бақылау, жеңімпаздарды айқындау жөніндегі функциялар, сондай-ақ фестиваль-конкурсты өткізуге байланысты өзге де функциялар жүктеледі.
  4. Фестиваль-конкурсқа қатысу үшін 2023 жылғы 1 мамырдан 1 қыркүйекке дейінгі кезеңде lprofedu@mail.ru электрондық поштаға «фестиваль-конкурс» деген белгімен келесі бағыттардың бірі бойынша өтінім (нысан қоса беріліп отыр) және конкурстық жұмыс (бейнеролик) жіберілу қажет:

– поэтикалық немесе прозалық шығармаларды көркем оқу;

– вокал;

– аспаптық шығармаларды орындау;

– би;

– өзіндік жанр (эстрадалық  миниатюра, пантомима, пародия, фокус, клоунада және т.б.)

  1. Материалдарды мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынуға болады
  2. Бейненің максималды ұзақтығы –3 минутқа дейін.
  3. Фестиваль-конкурсқа жарнамалық сипаттағы, жарияланған тақырыпқа сәйкес келмейтін, авторлық құқықты бұзатын басқа адамдардың ар-намысы мен сезімдерін қорлайтын жұмыстар қабылданбайды.
  4. Фестиваль-конкурсқа қатысатын жұмыстың авторлық құқығының сақталуына осы жұмысты жіберген автор жауапты болады.
  5. Фестиваль-конкурсқа материалдарды ұсына отырып, авторлар фестиваль-конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық материалдарды коммерциялық емес мақсаттарда (Интернетте, баспа басылымдарында және т.б. орналастыру) жарамдылық мерзімін шектемей пайдалануға автоматты түрде құқық береді.

 

  1. конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері

−жұмыстың осы ережедегі шарттар мен талаптарға сәйкестігі;

− жұмыстың мазмұндылығы (жұмыстың құрылымы, логикасы және толықтығы);

− жұмыстың сапасы (көркемдік және техникалық тұрғыдан);

− өзіндік сонылығы және шығармашылық ыңғайы

− конкурстық жұмыстың эстетикасы;

− жалпы эмоциалық қабылдануы

  1. Қорытындылау
  2. Ұйымдастыру комитеті 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде мәлімделген критерийлер негізінде сараптамалық бағалау жүргізеді және Фестиваль-конкурс жеңімпаздарын (I, II, III жүлделі орындар), сондай-ақ «Көрермендер көзайымы жүлдесі» наградасына үміткерлердің тізімін айқындайды.
  3. 2023 жылғы 20 қыркүйекке дейінгі мерзімде ұйымдастыру комитеті кәсіподақтың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунтында «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинанттарының бейнероликтерін орналастырады.
  4. «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясының лауреаты жазылушылардың дауыс беруі арқылы анықталады.
  5. Фестиваль-конкурстың қорытындысы 2023 жылғы 10 қазанға дейінгі мерзімде жарияланады.
  6. Фестиваль-конкурс жеңімпаздары (I, II, III жүлделі орындар) және «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясының лауреаты кәсіподақ грамоталарымен және сыйлықтармен марапатталады.