Салық органдарына кірістер және мүлік туралы декларацияны ұсыну туралы  

Салық органдарына кірістер және мүлік туралы декларацияны ұсыну туралы

 

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің барлық қызметкерлер және олардың жұбайлары, сондай квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (білім беру жүйесіндегі мемлекеттік колледждер, мектепке дейінгі балалар ұйымы, қосымша білім беру ұйымдары және т.б. мысал болып табылады) барлық қызметкерлері және олардың жұбайлары салық органдарына кірістер және мүлік туралы декларацияларды ұсынуға міндетті.

Кірістер туралы декларацияларды тек педагогтар ғана емес барлық қызметкерлер тапсыратынына назар аударамыз.

Кірістерді декларациялау «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы»  Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңының 45-1 бабы негізінде енгізілді.

Бірінші жылы барлық қыметкерлер декларацияны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бекітілген 250 нысаны бойынша тапсыруға міндетті. Кейінгі жылдары декларацияны 270 нысаны бойынша тапсырылуы керек.  Яғни 250 нысан бойынша декларация, бұл бастапқы немесе «кіру» декларациясы болып табылады.

250 нысаны «Жеке тұлғаның активтері және міндеттемелері туралы» деп аталады, онда 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша барлық мәліметтер көрсетілуі керек, яғни өмір бойы алынған барлық мүлік пен міндеттемелер «кіру» декларациясында көрсетілуі керек.

250 нысанда қамтылады::

  1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүлік:
  • Жылжымайтын мүлік, жер участкілері, жер үлестері;
  • Көлік құралдары, арнайы техника и тіркемелер;
  • Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде шетелдік банктердегі банктік шоттарда жиынтығында барлық банктік салымдар бойынша айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы ақша;
  1. Қазақстан Республикасындағы және оның шегінен тыс жерлердегі мүлік:
  • Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуы туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлес;
  • Бағалы қағаздар;
  • Инвестициялық алтын;
  • Зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
  • Айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшері шегінен аспайтын сомада көрсетілетін қолма-қол ақша;
  • Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын, нотариат куәландырған (айғақтаған) шарт немесе өзге құжат болған кезде басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі);
  • Жеке тұлғаның қалауы бойынша Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құны болған кезде, басқа мүліктің бір бірлігі үшін бағасы (құны) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асып кеткен жағдайда осы мүлік көрсетілуі мүмкін. Басқа мүлікке мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік, сондай-ақ құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік жатпайды.
  • Сенімгерлік басқаруға берілген мүлік

 

Қазақстанда тіркелген жылжымалы және жылжымайтын мүлік: гараждар, жер учаскелері, саяжайлар, үйлер, тіркемелер, машиналар 250 нысанда көрсетілмейді, өйткені бұл мәліметтер уәкілетті органдарда бар. Сондай-ақ, бұл нысанда Қазақстандағы банктік шоттар көрсетілмейді.

 

250  нысан бойынша декларация ұсыну мерзімі:

  1. Қағаз жеткізгіште-2023 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей (мемлекеттік кіріс органдарына келу тәртібімен);
  2. Электрондық түрде-2023 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей («салық төлеуші кабинеті» мемлекеттік кірістер комитетінің web – порталы, «Электрондық үкімет» порталы арқылы).

Декларацияны ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бірінші рет-ескерту, екінші рет – 15 АЕК (15 айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл, толық емес мәліметтерді көрсеткені үшін – 3 АЕК.

Декларациялауға жататын мүлік болмаған жағдайда декларация міндетті түрде, бірақ бос бағандармен тапсырылады.

 

 

Орынд. Н.В. Суворова, тел: 87051710177