Шын жүректен алғыс сөздер мен ізгі тілектер, лайықты қошеметтер мен әдемі гүлдер …

✨«AMANAT» партиясының ғимаратында жүйеде көп жылдар бойы қызмет еткен нағыз білім беру корифейлері – мерейтой иелері салтанатты түрде атап өтіледі
✨Зейнегүл Нұрмұхамбетова-Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, еңбек ардагері;
✨Батима Даумова-философия докторы (PhD), педагогика ғылымдарының кандидаты, білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің және басқа да көптеген жоғары наградалардың иегері.
✨Қатысушылар: Алматы #Досмұхамедов, «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалының төрағасы, Василий #Цымбалюк, Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы, Нина #Суворова, Жергілікті білім беру кәсіподағының заң клиникасының басшысы, облыстық кәсіподақ қозғалысы ардагерлері кеңесінің өкілдері Хамиджан #Орымбаев бұл кісілер бірнеше жылдар бойы мерейтой иелерімен бірге қызмет атқарған, олардың білім саласына қосқан үлестері туралы жақсы білетін тұлағалар.
✨Іс-шара барысында Зейнегүл Қайырбекқызы Жергілікті білім беру кәсіподағының «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
✨Зейнегүл Қайырбекқызы мен Батима Бексұлтанқызының туған күніне орай жергілікті білім беру кәсіподағынан жылы лебіздер, алғыс сөздер, гүлдермен шипажайға жолдама сыйлығы ұсынылды!
✨Құрметті Зейнегүл Қайырбекқызы мен Батима Бексұлтанқызы, сіздерге жайлы сауықтыру демалысын және көңілді мерейтой күнін тілейміз!❤️