2021 жылғы 25 наурызда Қостанай облысының әкімдігі, қызметкерлердің  облыстық бірлестіктері және Қостанай облысы жұмыс берушілерің бірлестігі арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған өңірлік келісімге салтанатты қол қою рәсімі өтті.

Үшжақты келісімде барлық Тараптардың экономикалық саясат, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік, еңбек нарығын дамыту және әлеуметтік әріптестік саласындағы ұстанымдары ескерілді.

«Әлеуметтік серіктестерге әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің негізгі бағыттары бойынша келісілген ұстанымдары үшін алғыс айтамын және оны іске асыру жөніндегі бірлескен іс-әрекеттерге табыс тілеймін», – деді Қостанай облысының әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов.

Осы күні облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтіп, онда облыс кәсіпорындарында жалақы қарыздарының маңызды мәселесі қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қостанай облысының әкімі А.Б Мұхамбетов облыс қалалары мен аудандарының әкімдеріне күн сайын «проблемалық» кәсіпорындар мен ұйымдарда еңбек жағдайының нашарлауына және қызметкерлерге еңбекақы төлеумен және жалақы бойынша қарыздарға байланысты еңбек шиеленістерінің тәуекелдерін анықтау мақсатында жағдайға мониторинг жүргізуді тапсырды.