Сіздерді мамыр айының керемет мерекелері Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Құрметті Қостанай облысы білім беру саласының қызметкерлері!
Сіздерді мамыр айының керемет мерекелері Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Дәстүр бойынша, Отан қорғаушылар күні тек әскери қызметшілерді ғана емес, сонымен бірге барлық ер азаматтар – әр жастағы және кәсіптегі ер адамдарды да құттықтайды.
Сондықтан, бүгін облыстың білім беру ұйымдарында өз еңбегімен және үлгісімен болашақ Отан қорғаушылар ұрпағын тәрбиелеп, қауіпсіз және жайлы орта қалыптастырып, біздің кәсіподақ бірлестігінің филиалдары мен бастауыш кәсіподақтарды басқара отырып, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғап жүрген барлық ер азаматтарға жылы лебізімді білдіремін.
Құрметті ер азаматтар! Осы мереке күні сіздердің әрқайсыларыңызға шын жүректен кәсіби табыс пен амандық, мықты денсаулық пен бейбітшілік тілеймін!
Өйткені, бейбітшілік — ертеңгі күнге деген сенімділік, тыныш еңбек пен қауіпсіздік, лайықты кәрілік пен бақытты балалық шақ. Міне, Жеңістің биылғы сегізінші онжылдығы әлемді қорғау мен нығайтудың қаншалықты маңызды екенін еске салады!
Жеңіс мерекесі барлық ұрпақты біріктіреді. Бұл күні әр отбасы өз туыстарын, олардың қалай соғысқанын, тылда қалай жұмыс істегендері туралы әңгімелерін, фотосуреттерін қарап еске алып, Бейбітшілік үшін рахмет! Жеңіс үшін рахмет! Өмір үшін рахмет! деп алғыс білдіреді! Жергілікті кәсіподақтың бес жүзден астам мүшесі қатысқан «Алғыс білдіреміз» атты челленджі Ұлы Отан соғысы жылдарында өзінің ерлігімен, еңбегімен біздің бүгінгі болашағымызды қамтамасыз еткендердің барлығына арналады.
Құрметті әріптестер!
Осы көктемгі мереке күндері сіздерге, туыстарыңызға және жақындарыңызға шын жүректен денсаулық, рухани жылулық пен тұрақтылық тілеймін! Біздің Отанымыздың аспаны әрқашан ашық және бейбіт, әр үйде — бақ-береке, бірлік пен татулық болсын!
Құрметпен,
«Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы, педагогика ғылымдарының кандидаты Василий Цымбалюк