Сот шешімін орындаймыз: қызметкерді бұрынғы жұмыс орнына қалпына келтіреміз

Жақында жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын заңды негіздерсіз тоқтату жағдайлары жиілеп кетті, оның салдары қызметкер өзін  қорғау және құқығын қалпына келтіру туралы сотқа жүгіну өтініші болып тадылады. Бірақ жұмысшыны бұрынғы жұмыс орнына қалпына келтіру процесі жұмыс берушімен де жиі бұзылады.

         Заңсыз жұмыстан шығарудың мысалы:

            Мектеп басшысы қызметкерді жұмысқа жарамсыз кезінде, штаттың қысқартылуына байланысты жұмыстан шығарып жіберді, бұл Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі- ҚРЕК) 54 бабына сәйкес келмейді. Сот шешімі келесідей болды:

Еңбек шартын бұзу заңсыз және қызметкер жұмысқа қайта оралуы қажет. Сондай-ақ, мектептен қызметкердің пайдасына мәжбүрлі түрде жұмыстан қалған уақытқа еңбекақы, моралдық зиянды және өкілдің қызметіне төлем шығындарын қалпына келтіру үшін өтемақы өндірілуі қажет.  Жұмыстан мәжбүрлі қалу 5 айды құрады.

  1. Жұмысқа қайта қалпына келтіру туралы, сонымен қатар жұмыстан шығарылған қызметкерге ұйғарылған соманы төлеу туралы нені білу маңызды.     

         Қызметкерді жұмысқа қайта қалпына келтіру еңбек заңнамасында қарастырылған, барлық белгілі мерзімдер және  ұсыныстарды  қатаң сақтауды талап етеді.

Бірінші назар аударатын жайт – бұл, заңсыз жұмыстан босатылған қызметкерді жұмысқа қайта қалпына келтіру туралы сот шешімі дереу орындауға жатады (ҚР Азаматтық кодексінің 237 б. 3т. және ҚРЕК 161 б. 2 б.)

           Назар аударыңыз:  Мектептің бірінші сатыдағы соттың жұмысқа қалпына келтіру туралы шешімін даулауы, оны шешімді дереу орындау міндетінен босатпайды.  Сондықтан да жұмысқа қайта қалпына келтіру, шешімнің заңды күшіне енуін күтпестен дереу орындалады.

         Жұмыскерді бұрынғы жұмыс орнына қалпына келтіру туралы сұранысын қанағаттандыру әрқашан жұмыстан мәжбүрлі қалу уақытындағы еңбек ақыны төлеу туралы талабын қанағаттандырумен қатар жүреді. Бұндай ереже ҚР ЕК 161 б. 1 т. қарастырылған, онда  бұрынғы жұмыс орнына қайта қалпына келтірілген жұмыскерге жұмыстан мәжбүрлі қалған уақытына орташа еңбекақыны немесе  төмен ақы төленетін жұмысты орындау уақытындағы жалақыдағы айырмашылық төленеді, бірақ алты айдан артық аспайды.

         Назар аударыңыз: Жұмыстан мәжбірлі түрде қалған уақытына төлемді, жұмыстан шығару процедурасына жауапты кінәлі лауазымды тұлғадан емес, мектептен алынады. Кейбір жағдайда ғана, прокуратураның ұсынысы бойынша мәжбүрлі түрде жұмысқа шықпағаны үшін төлем кінәлі лауазымды тұлғадан өндіріледі.

Кейде жұмыстан мәжбүрлі түрде шығарғанына төлемін қанағаттандыру қатарына келтірілген моральдық зиян үшін төлем сомасы да кіреді, себебі заңсыз жұмыстан босату – жұмыстан шығарылған қызметкердің еңбек ету конституциялық құқығын бұзудан басқа ештеңе емес деп саналады.

         ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес қызметкерге жалақыны төлеу туралы шешімі дереу орындауға жатады. Бірақ ол қызметкерге 3 айдан аспайтын мерзімге тағайындалған сомаға қатысты дереу орындалуға жатады.

         Бірінші сатыдағы сот шешімінен кейін бірден жұмыстан шығарылған қызметкерді қайта қалпына келтіру туралы атқару парағы беріледі.  Сондай –ақ, қызметкердің пайдасына шешім заңды күшіне енбегеніне және мектеп аппеляциялық және кассациялық сатыда шағымдана алатындығына қарамастан, 3 ай ішінде мектептен қарызды өндіріп алу туралы атқару парағы  шығарылады. 3 айлық қарыздан асатын сома шешімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана алынады.

  1. Қалпына келтіру жұмысы қалай ресімделеді.

Жұмыстан шығарылған қызметкерді қалпына келтіру құжаттамасын дұрыс ресімдеу үшін, мектепке қажет:

  • Жұмыстан шығару туралы заңсыз бұйрығын қайтарып алу туралы акт шығару.Бұйрық мектепте шығарылады. Жұмыстан шығару туралы бұйрықтын қайтарылуы туралы бұйрықпен қызметкерді таныстырудың қажеті жоқ, бұл тек қалпына келтірудің алдын-ала жұмысы.
  • Қайта қалпына келтіру туралы бұйрық шығару. Мектеп жұмысқа қалпына келтірген қызметкерді осы бұйрықпен қол қойдыра отырып таныстыру керек. Сонымен қатар, бұйрықпен таныстырылған күні көрсетілуі керек.
  • Қызметкердің еңбек кітапшасына тиісті жазбаны жазу (бар болса).
  • Еңбек кітапшасына жазба бірінші басшымен немесе лауазымды тұлғамен жұмыс берушінің сәйкес актісі шығарылғаннан кейін және мәтінге сәйкес толтырылады.
  • Жұмыс кітабына жазбаларды бірінші басшы немесе лауазымды адам жұмыс берушінің тиісті актісі шыққаннан кейін жазады және оның мәтінінде сәйкес келуі керек.Түзетулер жазбалардың жарамсыз ету және дұрыс түзетулер енгізу арқылы жүзеге асырылады. Қалпына келтірілген қызметкердің еңбек кітапшасына өзгеріс енгізу процедурасы  мына түрде жүргізіледі:

     1). 1 бөлімде келесі реттік нөмірі жазылу керек.

2). 2 бөлімде қалпына келтіру күні көрсетіледі.

3). 3 бөлімде «… (жазба нөмірі көрсетіледі) жазбасы дұрыс емес, алдынғы жұмыс орнына қалпына келтірілді» жазбасы енгізіледі.

4). 4 бөлімінде жазбаны енгізу  негізін, акт күні және нөмірі жазылады.

5). Негіздемесінде мектеп басшысының бұйрығы көрсетіледі.

Назар аударыңыз: Көбіне  олар қателесіп еңбек кітапшасына жазбаны енгізу үшін негіз ретінде сот шешімін көрсетеді. Сот шешімі еңбек кітапшаға жазбаны енгізу үшін емес, қызметкерді жұмысқа қалпына келтіру  және бұйрық шығару үшін негіз болып табылады. Еңбек кітапшасына жазба тек мектеп шығарған бұйрық негізінде жазылуы қажет.

  • Жұмыс уақыты табеліне өзгерістер енгізу.
  • Жұмыстан шығару туралы бұйрықтың жойылуы, қайта қалпына келтіру тура бұйрықтың шығарылуы, еңбек кітапшасына жазба енгізілгенен кейін мектептің жұмыс уақытын есепке алу табеліне өзгерістен енгізу керек. Бұл ретте мектеп сот шешімі негізінде жұмыс уақытын есепке алу табеліне өзгерістер енгізу туралы бұйрық шығарады. Қызметкердің жұмыстан заңсыз шығарылғаны дәлелденген жағдайда, жұмыстан мәжбүрлі қалған уақыты табельде МҚ (мәжбүрлі қалу) деп белгіленеді.
  • Қызметкерге ұйғарылған соманы төлеу туралы бұйрық шығарылады. Негіз сот шешімі болып табылады. Аталған бұйрықпен тек төлем алатын қызметкерді ғана емес, сондай –ақ осы бұйрықты орындайтын жауапты қызметкер, бас бухгалтерді де таныстыру керек.
  • Жұмыс орнына қалпына келген қызметкерді алдынғы еңбек міндеттерін орыдауға рұқсат етілсін. Еңбек міндеттерін орындау үшін қызметкерге рұқсат ету туралы бұйрық шығарып қажеті жоқ.

  1. Қалпына келген қызметкер лауазымының орны бос болмаған жағдайда не істеу керек?

 

Көбіне жұмыстан шығарылған қызметкердің орнына жаңадан қызметкер алынады. Бұндай жағдайда, жаңа қызметкерге ұқсас бос лауазым ұсынылуы керек. Егер ұқсас лауазым болмаса жаңа қызметкермен жасалған еңбек шарты бұзылады, себебі ҚРЕК 57 б. 1 т. 5 т сәйкес, осы жұмысты бұрын атқарған қызметкердің жұмысқа қалпына келуіне байланысты еңбек шарты тоқтатылуы керек.

  1. Қызметкерді жұмысқа қалпына келтіру туралы сот шешімін орындау кешіктірілген жағдайда ұйым (мектептің) қандай жаупкершілікке тартылады.

Жұмыстан шығарылған қазметкерді жұмысқа қалпына келтіру туралы сот шешімін орындауды кешіктірмеген жөн. Себебі, ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 105 бабының 1 тармағына сәйкес, жұмысқа қалпына келтіру туралы атқарушылық құжатты ұйым басшысы орындамаған жағдайда, сот атқаушысы сотқа жүгінуге құқылы:

  • Қызметкерге орташа жалақыны төлеу туралы қаулыны енгізу туралы ұсыныспен;
  • Қызметкерді қалпына келтіру туралы шешім қабылданған күннен бастап оның орындалу күніне дейін барлық уақыт ішіндегі жалақы айырмашылығын төлеу туралы қаулының шығарылғаны туралы ұсыныспен;

Сондай-ақ сот орындаушысы ұйым басшысынан мемлекет кірісіне әр кешіктірілген күн үшін заңды тұлғадан 10АЕК мөлшерінде өсімпұл өндіру туралы сотқа ұсыныспен жүгіне алады:

  1. Қызметкерді жұмысқа қалпына келтіру туралы сот шешімін орындамау ұйымды қандай жауапкершілікке тартады?

Жұмысқа қалпына келтіру туралы сот шешімін орындамағаны үшін заңмен қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. ҚР Қылмыстық кодексінің 1 тарауының 148 б қарастырылған:

  • 100 АЕК –тен бастап 200 АЕК –ке дейінгі мөлшерде айыппұл
  • Немесе бір айдан екі ай мерзімінде жалақы мөлшерінде айыппұл
  • Немесе 5 жылға дейінгі мерзімде белгілі лауазымда қызмет ету құқығынан айыру

Жауапқа тарту басшының (борышкердің) сот шешімін орындау міндетінен босатпайды.