Спорт ұйымдарының медбикесі

Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы

(Кәсіподақ мүшелеріне арналған буклет)

«Жұмыскер (спорт ұйымдарының медбикесі) өзінің жалақысы туралы нені білу керек»

Жалақы Медбикенің  лауазымдық жалақысы, оның құрамдас бөліктері неге байланысты   Медбикеге берілуі мүмкін қосымша ақылар мен үстемеақылар Жалақыны төлеу мерзімдері, жұмыскерге жалақының құрамдас бөліктері туралы хабарлау
1. Жалақы-бұл еңбек үшін төленетін сыйақы;

2. Жалақы нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.

 

 

1. Медбикенің лауазымдық ақысы

—  біліктілікке (білім деңгейіне- жоғары немесе орта кәсіби);

-еңбек өтіліне байланысты.

2. Медбикенің жалақысы бірнеше бөліктен, атап айтқанда лауазымдық жалақыдан, сондай-ақ ерекше жұмыс  жағдайлары үшін, ауылдық жердегі жұмысы үшін (жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша) үстемеақылардан тұрады.

 

 

 

 

 

 

1)     Ауылдық жердегі жұмысы үшін арттырылған үстемеақы   — ЛА-дан 25% ;

2)     Ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақы – ЛА-дан  10% ;

1. Жалақы келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді.

2. Жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндетті.

 

 

 

 

 

 

Жалақыдан ұстаулар

 

 

Лауазымдарды қоса атқару

 

Медбикенің жұмыс уақыты және демалыс күндерінің саны Қосымша ақылы еңбек демалысының түрлері және қосымша ақы төленетін демалыс күндерінің саны
1. Жұмыскерлердің келісімінсіз – зейнетақы жарналары, МӘМС жарналары және табыс салығы ұсталады;

2. Кәсіподақ жарналары жұмыскерлердің өтініші бойынша ұсталады.

3. Шамадан тыс есептелген жалақы кезінде ұстап қалулар жұмыскердің келісімімен (өтініш бойынша) жүргізіледі;

4. Жұмыс берушінің актісі негізінде жұмыскерді хабардар ете отырып (яғни қызметкердің келісімінсіз) жұмыскердің жалақысынан ұстап қалуға болатын жағдай:

іссапарға байланысты, жұмсалмаған ақшалай сомасы;

5. Қалған жағдайларда (соның ішінде жұмыскер жалақысынан ұстап қалуларға қарсылық білдіргенде)- жалақыдан ұстап қалулар сот шешімі бойынша жүргізіледі.

1.      Медбике сондай-ақ негізгі жұмыстан бос уақытында еңбек шартын жасасумен қоса атқарылатын жұмысты істей алады

 

1. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мен «Қостанай облысы білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісімге сәйкес жергілікті кәсіподақ мүшелері- медбике үшін апталық жұмыс уақыты-аптасына 40 сағатты құрайды; санатролық мектеп-интернатта жұмыс істейтіндер үшін – аптасына 36 сағат

2. Негізгі еңбек демалысы күндерінің саны-30 күнтізбелік күн;

 

 

1. Қауіпті және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін–12 күнтізбелік күн санындағы қосымша ақылы демалыс;

2.Жергілікті кәсіподақ мүшелері үшін қосымша ақы төленетін еңбек демалысы күндерінің саны- күнтізбелік 3 күн, егер қызметкер оқу жылы ішінде бір рет те еңбекке жарамсыздық парағы болмаған жағдайда;

3. Келісімнің 5.2.6-тармағына сәйкес — жергілікті кәсіподақ мүшелері – медбике үшін қосымша ақылы еңбек демалысы күндерінің саны-3 күнтізбелік күн;

4. Әлеуметтік серіктестік туралы келісімге сәйкес демалыстың басқа түрлері.