Құрметті ханымдар!

Бүгін, Халықаралық әйелдер күнінде, барлық ең ынталы лебіздер, талғампаз гүлдер, жылы құттықтаулар мен шын жүректен алғыс сөздер, адамзаттың әдемі жартысы, сіздерге арналады!

Сіздер біздің өмірімізге нәзіктік пен жақсылық, сұлулық пен үйлесімділік, рухани жомарттық пен оптимизм әкелесіздер. Сіздер әлемге күшті, таза, риясыз сезім – ана махаббатын сыйлайсыздар, балалар үшін бар ынта-ықыласыңызды салып, олардың тәрбиелі азамат болып өсуі үшін бәрін жасайсыздар.

Ежелгі шығыс даналығы: «Әйел-ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», – деген екен. Мұның астарында әрбір ұлы істің артында әйел азаматы  тұрғандығында.

Отбасында мейірімділік, жайлылық пен келісім орнауы үшін қаншама күш-жігер мен төзімділікке бой бересіз!

Қызметтің барлық салаларында болмасын Сіздер жоғары нәтижелерге қол жеткізесіздер, өйткені сіз кез-келген іске жылулықпен, жанашырлықпен қарайсыз. Кәсіподақ та әйел азаматтарының қолдауында. Құрметті ханымдар, адал еңбегіңіз, түсіністік пен сенімділігіңіз үшін рахмет!

Өз тарапымыздан, біздің кәсіподақ бірлестігі 2024-2026 жылдарға арналған Облыстық білім басқармасы мен Жергілікті кәсіподақ арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы жаңа келісімде әйел азаматтарына бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтар беретін қолдауға барынша күш салуда.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, әлеуметтік әріптесіміз Ибраева Айман Елеманқызын әйелдер күнімен құттықтаймын және зор денсаулық, барлық істерде табыс және одан әрі мансаптық өсуді тілеймін.

Аяулы ханымдар!

Осы мереке күні Сіздерге көктемнің жарқын көңіл-күйін, жағымды тосынсыйлар мен қуанышты сәттер көп болсын деп тілеймін!

Жақындарыңызға амандық, отбасыңызға береке-бірлік, махаббат жылуын тілеймін!

Әр кез бақытты болуларыңызға тілектеспін!!!

Төл мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Құрметпен

«Қостанай облысы білім және ғылым

ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті

кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы

Василий Цымбалюк