«Төраға-төрағаға, тәжірибемен бөлісу» дәстүрлі семинары биыл Рудный қаласының №3 мектебінің қабырғасында өтті.

Семинарды аша отырып, оның қатысушыларына – Жергілікті білім беру кәсіподағы филиалдарының төрағаларына әлеуметтік әріптестер: Рудный қалалық білім бөлімінің басшысы Темурхан Жайлыбаев және Жергілікті білім беру кәсіподағының төрағасы Василий Цымбалюк құттықтау сөз сөйледі.

Рудный қаласының №3 мектебінің директоры Наталья Шопанова қатысушылармен әлеуметтік әріптестіктің жаңа тәсілдерін қолданудың тәжірибесімен бөлісті.

Филиалдар қызметінің тиімділігін рейтингтік бағалау-2022 жеңімпаздары Рудный филиалының төрағасы Амина Мырзатаева және Әулиекөл филиалының төрағасы Айжан Бекмағамбетова кәсіподақ жұмысындағы тәжірибелерімен бөлісіп, жетістіктің кейбір құпияларын ашты.

Сондай-ақ, бүгін Жергілікті білім беру кәсіподағының кеңейтілген алқа отырысы өтті. Оның қорытындылары келесі жарияланымда шығарылады.