
«Төрағадан-төрағаға, тәжірибемен бөлісейік» дәстүрлі көшбасшылық жиындарын биылғы жылдан бастап шағын жинақталған әдісімен ұйымдастырамыз.

Бүгін – Әулиекөл, Науырзым аудандары мен облыстық деңгейдегі білім беру ұйымдарының 40-тан астам қатысушысы Науырзым ауданының Докучаев мектебінің БКҰ алаңында жемісті жұмыс жасады.

Жергілікті білім беру кәсіподағының төрағасы Василий
#Цымбалюк құттықтау сөзінде бүгінгі кәсіподақ саясатының басымдықтарын атап өтті.

Бірқатар кәсіподақ жетекшілері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Жергілікті білім беру кәсіподағының заң клиникасының жетекшісі Нина
#Суворова еңбек демалысы мәселесі бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқыту өткізді. Барлық материалдар жиынға қатысушыларға таратылды.
Соңында салтанатты марапаттау рәсімі өтті.